Нуржігіт Алтынбеков 282
философияға тарихи көзқарасты енгізеді. Сонымен қатар дамудын өзі қайшылықтың
негізінде, заттың бүгінгі жағдайының теріске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуі,
соңғының өзі жүре келе теріске шығарылатыны т.с.с. ретінде қаралады.
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын ала құйылып, қалтаға
салуға дайын тұрған күміс ақша емес», оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың
өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей біліп, игеру керек екенін айтты.
Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор
философиялық жүйесін тудырды. Ол Абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен
айтқанда, ол - абсолюттік білім, таза ұғым - шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзіне келіп
тануын, өз-өзін анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы береді.
Сонымен қатар абсолюттік идея өз-өзіне тең ойлау сатысынан өтіп, іс-әрекет
арқылы өзінің өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің
ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзінің
тікелей сезімдік сатысынан өтіп, Феникс құсы сияқты өзін қайта жаңару үшін жағып,
жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеге келу болып табылады.
Рух дегеніміз - шектелген сана, ойлай алатын қабілеті бар пенде, яғни - адам.
Бірақ ол табиғаттан шыкса да, Гегельдің ойынша, оның туындысы емес - ол өзінің
өзіндік нәтижесі. Рух өзінің алғышарттарынан - логикалық идея мен сыртқы
табиғаттан - өзін тудырады. Сонымен абсолюттік идея ең алдымен таза логикалық
дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның ішінен адамзат осы тұрғыдан
қарағанда, Гегельдің ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.
Бірінші, ол - Логика. Ол - өзінде және өзіне бағытталған идеяны зерттейтін
ғылым.
Екінші - табиғат философиясы. Ол - өзінің өзгеше болмысындағы идеяны
зерттейтін ғылым.
Үшінші - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзіне оралып жатқан
идея жөніндегі ғылым.
Сонымен Гегельдің абсолюттік идеализм жүйесінің кабырғалары осылай