Нуржігіт Алтынбеков 279
несібесін тартып жеуде. Осы аталған және де басқа кемшіліктерді жоюдың негізгі
жолдары - ол саясаттың адамгершілік жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның
заңдық негіздерін жетілдіруде болса керек.
Өнер философиясы Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер
И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық жетілуі тарихтағы
негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық санадан көреді.
Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф.Достоевский осы ойға сай «Әсемдік
әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан болатын.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге
болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің туындысы»,
табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың
ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі,
жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады,
өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес
келеді.
Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық
сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен
кейін жүреді». Шеллингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші
жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы
болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері
болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан
бастап қана оны сараптай бастады.
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі, аса дарынды
деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар -
Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен
шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат