Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет243/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
280 
қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған 
ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне 
бермейді. Өйткені өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол 
Абсолюттің өзі. 
Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген әсемдігін сезініп, 
шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның рухы өзінің жасаған өнер 
туындысы арқылы заттанды (объективтелінді), ал заттанған өнер шығармасынан 
идеалды өмірдің нышаны байқалады (субъективтелінді). Сонымен өнерде объективтік 
пен субъективтік бір-бірімен косылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған 
финалы, соңы ретінде байкалады. 
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған 
ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, 
эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл 
бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл 
классификацияға күмәндануға әбден болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе 
алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай 
болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді. 
Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең 
терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы 
М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің 
шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.
Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жок ғажапқа іштей беріліп, 
жан тыныштығына иеленеді. Ал ол — өлшемі Жоқ ғажап, ол - Құдай. Абсолют ұғымы 
- оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай 
идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді сүйіп-түсінудің өзі 
Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты. 
Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет