Нуржігіт Алтынбеков
352
Басар жолын тауысты.
Ажалменен қауышты,
Сөзге аузы келместен».
Қорыта келе, М.Қашқаридің шығармалары көне түрік тайпаларының дүниесезімі
мен дүниетанымымен таныстыратын бірден-бір құнды құжат екенін айтып кетуді жөн
көрдік.
XII ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекиді ( Әдіб-
Ахмед Махмуд Жүйнеки ) жатқызуға болады. Ол жөнінде «...ақындардың ақыны,
даналардың көш басы, гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады»,
- деген өлең
сөздер қалғаи. Негізгі еңбегі - «Ақиқат сыйы». Бұл дастанда көтерілген негізгі
мәселе
- ол адам өмірінің мәні. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп
көніл бөледі. Адам - саналы түрде
іс-әрекет жасай алатын пенде, ал оның санасын,
рухын дамытатын - білім. Ойшыл ол жөнінде:
«Білімдар «істі біліп, бекін!» - дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істеп жүріп,
Амал жоқ, түбінде сол опық жейді».
А.Жүйнекидің ойынша, «білімсіз - тірі өлік». Оны ол мынандай шумақпен
қорытады:
«Сүйекте жілік болар, ерде - білік,
Ақыл ғой ердің көркі, етте - жілік.
Жіліксіз ет секілді білімсіздік,
Қол созбас сүйексізге бұл тіршілік».
Ғұлама ақын
адамның бақытты болуы білімге, ал бақытсыздық қараңғылыққа,
надандыққа байланысты деп ұғынды.
«Кедейдің кертіп жейтін малы
- білім,
Білімнің жоқ-жітікке берері мол».