Нуржігіт Алтынбеков
393
Темір көзді сарайды», - деп, патшалық саяси тәртіпті әшкерелейді.
Абайдың
сот тәуелсіздігі жөніндегі ойларына келсек, ол да бүгінгі күнгі
талаптармен үндесіп жатыр. Бұл қағиданы іс жүзінде өмірге енгізу үшін сот
қызметкері сол жұмысқа өмірлік сайлануы қажет. «Әрбір
елден толымды-білімді кісі
билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе - жаманшылығы әшкере білінгендіктен
түссе, әйтпесе түспесе», - дейді ұлы ойшыл. Егемен мемлекетімізде Абайдың айтқан
бұл ойын іске асырдық, бірақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншіктер» осы
уақытқа шейін таусылар емес.
Абай бүкіл болмысымен, жан-тәнімен өз халқын сүйген, сол себепті оның тарихи
қалыптасқан кемшіліктерін әшкерелей білген. Өз кемшілігін
сезіну - одан жартылай
құлылумен тен емес пе, қалған жартысын білім алу, қажырлы еңбек ету жолында
жоюға болады. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе «Ардан
кеткен соң, тірі болып жүргенің кұрысын» (29-сөз., аталған шығарма, 63 б.),
- деп
қынжылады. «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын
көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
деген мақал-мәтелдерге сын көзбен қарап, қазақ, дүниесезімінде қалыптасқан теріс
кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады.
Біздің бұл мәселеге тоқталған себебіміз
- дербес
мемлекет болып қалыптасып,
жаңа өмірге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзіндік сыны 100 жылдан аса уақыт
өтсе де, Абайдың деңгейінен төмен болып тұрғандығы. Керісінше, қоғамдық санада
«Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пікір кең тараған.
Сонда біз халықтың теріс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса бүгінгі таңдағы
қазақ халқының кемшіліктері жоқ па?
Олай болса, біз неге басқа алға кеткен
халықтардан озып кетпейміз? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы «қазақ елі көп ұлтты
мемлекетке айналғаннан кейін, басқалардың алдында ез кемшіліктерімізді
әшкерелегеннің жөні болмас» деген пікірді де естіп жүрміз. Ал
басқалар сынаса,
жатып алып долданамыз.