Нуржігіт Алтынбеков
394
Әрине, көп ұлтты елде бірін-бірі сынау үлкен саяси қателік болар еді. Сонымен
қатар «Ауруын жасырған - өледі» дегенді еске алсақ, ұлттық сын керек сияқты, және
оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болу керек. Сонда ғана алға жылжұлық
орын алға, ұлттың сана-сезімі өседі. Басқа жағдайда, орынсыз, Абай уақытында сынға
алған, өркөкіректікке келеміз. Ал жақсы жақтарымызға келер болсақ, оны басқа
халықтар айтпай-ақ біліп, біздің ұлтымызды сыйлайды. Міне, осындай ащы ойлар
Абайды оқығанда еске келеді, ол да болса ойшылдың өсиеттерін орындау парызынан
шығады.
Келесі Абаймен ақылдасатын көкейкесті мәселе - Қазақстанның ғаламдасу
(глобализация) үрдісіне кеңінен кіруі. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс
мәдениеті мен тілін игеру керектігі жөніндегі ойларында терең көрсетіп кетті.
«Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста түр.
Зардабынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын
білмек керек» (25-сөз., аталған әдебиет, 51-6.), - дейді ұлы ағартушы. Яғни жақсы
жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, біз шетелдерден жаңа
технологияларды алып, өндірісімізді дамытып, сонымен қатар Батыс мәдениетінің
тұрпайы да дөрекі - зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсіні көрсететін
түрлерінен өз ділімізді алшақ ұстауымыз қажет. Ал іс жүзінде біріншісінен гөрі
екіншісі - елді жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның
салдарынан төл мәдениетімізден жаттанып, XXI ғ. «жаңа мәңгүрттеріне» айналу қаупі
төніп тұрғандай.
Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл Дүниесінің кіндігі - адам. Олай
болса, «Адам бол!», - дейді бабамыз. Яғни әрбір кісі әрқашанда өзінің тұлғасының
адам ұғымына сәйкестігін өлшеп, өмірбақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда
ғана адам өзін жан-жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарын-дарын
сыртқа шығарып, гүлдетіп, бұл өмірде ерекше орны бар тұлғаға айналын, өзін
бақыттымын деп сезіне алады.
|