Нуржігіт Алтынбеков
407
адам еңбегін жүмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде
жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де,
ғасырдың басындағы
сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті
нәрсе емес пе?!
Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның
саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды.
М.Жүмабасв, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің
эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»,
М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жумабаевтың
көптеген
өлеңдерінде қазақ әйелінің аяныіпты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген.
Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы тең құқты қоғамның мүшесі. Сонымен
қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» тұсіп, еркектерге көп әйел
алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.
А.Байтүрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі
жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп
біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі
халықты алдайтын бақсы балгерлерден бас тарту керек.
Қоғам өмірінде кең тараған
аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында
таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтын ауыр
жағдайына байланысты туберкулез бруцеллез т.с.с. жұкпалы аурулар тағы да бас
көтерген
жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде куңгірт
«білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма,
әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.
Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің
қайнар көзін
ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрді. Сондықтан
А.Байтурсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін
көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында
адамның екі тілсіз жауы бар, ол
- от
пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында