Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет385/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   692
еріктіктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, маскүнемдіктің жолына түсіп
батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетілген кемшіліктерді тудырған «ауру»
қоғамды қалайша «емдеуге» болады? Ә.Фроммның ойынша, ол үшін ең бірінші 
қажет нәрсе - «гуманистік жоспарлауды» қоғамға енгізу, дүниедегі байлықты 
жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесіндегі 
қалыптасып қалған шен иелерінің жаттанған басқару формаларының орнына
«гуманистік басқару» жүйесін еңгізу, соның арқасында қарапайым адамдардың 
әлеуметтік өмірге деген ынтасын ояту, дүниеде болуға бағытталған құндылықтар 
жүйесін тудыру т.с.с. қажеттіктерді көрсетеді. Әрине, ұлы философтың бұл 
ойлары - өтпелі кезенді өз басынан өткізіп жатқан біздің қоғамға аса қажет 
ойландыратын нәрселер. 


Нуржігіт Алтынбеков 
446 
Сонымен қатар Ә.Фромм адамның өмір сүру диалектикасына тоқталып, оның 
ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетеді. Біріншіден, адам бұл 
өмірге өзі сұранып келмейді, ол белгілі бір кездейсоқ жерде, уақытта дүниеге келіп, 
алғашқы сатыдан өмірінің соңына шейін «өмір мен өлімнің екі ортасында» болып іс-
әрекет етеді. Екіншіден, осындай шектелген өмірдің щеңберінде адам өзінің 
бойындағы барлық дарындарын іске асырып, алдына қойған өмірлік мақсат-
мұраттарын орындап үлгірмейді, сондықтан олардың көбі, қазақ дүниесезіміндегі 
терминдермен айтсақ, «жалған, жеткізбейтін арман» болып қала береді. Э.Фроммның 
бұл ойлары бізді фрейдизмнің шеңберінен шығарып, экзистенциализм философиясына 
өткізіп жібереді. 
§ 5. Экзистенциализм философиясы 
Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі -экзистенциализм (ехіstentіа 
- латын сөзі, өмір сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екі 
дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. XX ғ. бірінші жартысында ондаған 
мемлекетгер қатысқан қантөгісте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған 
қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да 
варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың 
санасында өзінің өшпес ізін қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол 
қайғылы замандағы адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние 
тебіренісіне, оның өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл 
бөлінуіне жеткізді. 
Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмір сүрген дат философы 
С.Кьеркогердің, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдің, орыс 
жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзектілігін көрсетіп, олардың еңбектері 
экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды. 
Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет