Нуржігіт Алтынбеков
443
Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберінен екі негізгі инстинктерді бөліп
алады. Олар
- «өмір инстинкті» -
эрос, «өлім инстинкті» -
танатос. Егер эрос инстинкті
өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты,
іңкәрліктін тудырса, танатос адамды өлімге
қарай итеріп, оның агрессивтік, қанішерлік,
қиратуға деген құмарлығын, адамдарды
қорлауға бағытталған іс-әрекетін тудыруы мүмкін.Дегенмен З.Фрейд бисаналықтың
күш-қуаты қандай зор болғанымен,
адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара
алады деп есептеді. Әңгіме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың
жарығына шығарып, оларды өз еркіне көндіруге мүмкіндік алуда болса керек. Қоғам
өмірінде адамның күңгірт инстинктерін ауыздықтайтын құрал бар.
Ол -
мәдениет.
Мәдениеттің құндылықтары арқылы
адамдар өзінің табиғатпен, өз-өздерімен қарым-
қатынасын ретке келтіріп, деструктивті күңгірт инстинктерін шектеп ығыстырады.
Бірақ ығыстырылған күңгірт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды,
олар қорлана
келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып, неше түрлі бақытсыздыққа әкеледі. З.Фрейдтің
айтуына қарағанда, жыныстың құмарту мен қатыгездік, мейірімсіздік
бір-бірімен өте
тығыз байланысты. Сонымен екі негізгі инстинктер әрдайым бір-бірімен күресте
болып, мәдениеттің дамуының негізгі бағыттарын анықтайды.
Сонымен бисаналықтың екі негізгі инстинктін мойындау, бір жағынан,
шығармашылық жолмен дүниені қайта құру,
екінші жағынан, жасалған мәдениетке
қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтің ізін куган ғалымдардың еңбектерінде неше түрлі
қайшылықтарды тудырды. Олардың көбін З.Фрейдтің бисаналықтың өзегін жыныс
әнергиясына теңеуі қанағаттандырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: