Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет389/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
450 
жағдайда «ол да», «мынау да», менің «өзім де» шынайы субъект емеспіз. Мұндай 
тобыр адамын Н.Бердяев «объективацияланған дүние» деген терминмен берген. 
Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол - адамның тарихи пенделігін
уақыт шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің еріктілігін сезінуінде. Шынайы 
болмысқа жету үшін адам күнделікті күйкелі өмірден бас тартып, соңғы өмірдің шегі - 
өлімге тікелей қарай алатын жағдайға келуі қажет. 
- Бишынайы болмысты аттап өту үшін адамдар бір-бірімен қосылып, «абсурдтық 
дүниеге», оның шектелгеніне, өлімге, жалпы дүниенің жетілмегендігіне, мәнсіздігіне 
қарсы шығып, көтерілуі керек, - дейді француз ойшылы А.Камю. Алайда мұндай 
дүниеге түңілуден туған бірігушілік бірде-бір адам болмысының мәселесін, әрине, 
шешпейді. 
Діни экзистенциализм бұл мәселенің басқа шешімін ұсынады. Г.Марсельдің 
ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейді. Ал шынайы 
болмыс, негізінен алганда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - «Ол емес», «Сен», 
сондықган адамдардың Құдай алдындағы бір-бірімен ішкі сырларын бөлісуі, ең 
құпия тереңде жатқан тебіреністерімен бөлісуі шынайы болмыстың алғышарты. Ол 
үшін, яғни басқа адамның терең сырына жетіп, шынайы болмыстық дәрежеге көтерілу 
тек махаббат арқылы ғана іске асады. 
Г.Марсельдің бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты еврей
ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қарым-қатынасы 
екіжақты, өйткені оның сөздігінде екі негізгі сөз бар. Олардың біреуі «Мен және Сен» 
болса, екіншісі «Мен және Ол». Дүние адамзат тәжірибесі ретінде «Мен және 
Олға» жатады. «Мен және Сен» адами шынайы қарым-қатынасты тудырады. Олай 
болса, адам алдында дүниеде болудың екі мүмкіндігі бар. «Мен және Сен» шынайы 
болмысты тудырса, «Мен және Ол» - адами қарым-қатынастарды заттандырады. 
«Сен» деп қарым-қатынасқа түскен адам - ол заттардың арасындағы зат емес. Мен 
оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткені мен онымен қарым-қатынастамын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет