Нуржігіт Алтынбеков 452
қарай өрлеуіне өзінің кеселін тигізіп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм
ілімінің «әлеуметтік ахуалға» сілтегеннен гөрі, жеке тұлғаның ерікті іс-әрекетінен
шығатын таңдауға, ал оның өзі белгілі бір жаңа ахуалды тудырып, өмірдің жаңа
арнасын ашуының мүмкіндігін көрсетеді деген құнды пікіріне оқырманның назарын
аударғымыз келеді.
§ 6. XX ғ. діни философия XX ғ. ғылым мен техниқаның керемет жетістіктері - адамзаттың ғарышты игеріп өз
пайдасына жаратуы, атомның ішкі орасан зор күш-қуатын адамзат игілігіне
пайдалануы, осы екі мега-әлем мен микро-әлем арасындағы ашылған миллиондаған
табиғат сырлары, бір қарағанда, діни философияны қоғамдық сананың шеңберінен
алысқа ығыстырып тастаған болар деген ой келеді. Алайда мұндай пікір шындыққа сай
келмейді, өйткені біздің жоғарыдағы ой-өрісіміз тек қана діннің гносеологиялық
(танымдық) түп-тамырын ғана қамтыды. Ал оның өзін тереңірек қарар болсақ, «ұлы
мәртебелі Табиғат» қаншама ішкі сырларын әлі де болса құлша сақтап, адамдарды
адастыруда...
Ал енді діннің әлеуметтік түп-тамырына келер болсақ, дүниедегі зұлымдықтың
салмағы ең болмаса бір граммға кеміді ме екен?!! Хиросима мен Нагасаки, Бухенвальд
трагедиясынан өткен адамзатқа мұндай сұрақты қоюдың өзі артығырақ болар.
Енді діннін психологиялық түп-тамырын сараптасақ, біз жағдайдың бұрынғы
дәуірлермен салыстырғанда өрши түскенін байқаймыз. Егер бұрын өлім мәселесі жеке
адам толғанысының шеңберінен шықпаса, - қандай қантөгісті соғыс, я болмаса,
эпидемия, жер сілкіну, топан-су болса да, бірде-бір адам бүкіл адамзат тарихының әрі
қарай жалғаса береріне ешқандай күмән келтірмеген болса, - XX ғ. екінші жартысында
ондай күдік пайда болып, өрши түсті (ядролық соғыстың салдарынан бүкіл жер
бетіндегі тіршіліктің кұрып кету мүмкіндігі, сездірмей жақындап келе жатқан
экологиялың апаттың үрейі т.с.с.).