Нуржігіт Алтынбеков 453
Міне, жоғарыдағы көрсетілген және басқа да жүздеген себептер XX ғасырдағы
діннің әрі қарай етек жайып өсуіне, олай болса, діни философияның да қоғамдық
санадағы алатын үлесінің молаюына әкеліп жеткізгені - дәлелдеуді талап етпейтін
қағидалар. Олай болса, қазіргі дүниежүзілік діндердегі қалыптасқан ахуал, діни
философиядағы жаңа ойлар мен тебіреністер зерттеліп, оқылуы керек.
XX ғ. христиандық философия XX ғ. христиандық философия әлеуметтік зұлымдықтың негізгі үш себептерін
көрсетіп, оларды кінәлайды. Біріншіден, ол -жаратылыстану ғылымдарында
қалыптасқан «әлем дегеніміз - өз негізінде өмір сүріп жатқан болмыс» деген қағида.
Екіншіден, либерализм ұрандарының негізінде қалыптасып ағарған, Құдайдан бас
тартқан мемлекет. Үшіншіден, коммунизм (бұрынғы Кеңес Одағы мен басқа
социалистік елдер) бүкіл байлықты мемлекеттің қолына өткізіп, қарапайым адамдарды
сол мемлекеттің құлына айналдырса, капитализм (Батыс елдері) негізгі жұмысшы
халықты тауарға, яғни затқа айналдырады. Жекеменшікке деген адамның құқы -
табиғаттың заңы, адам жекеменшікке жету үшін жұмыс істейді, міне, осы түрғыдан
христиандық философия әсіресе, коммунизм идеясын қатты сынға алады.
Христиандық философияның негізгі мәселесі - ол болмысты тану болып
есептеледі. Е.Жильсон оны былайша тұжырымдайды: «егер екі философ болмысты
түсінуде екі жақта болса, онда барлық жағынан да олар бір-біріне қарама-қарсы.
Бұл философия «болмыс» (esse) және «дүниедегі бар», өмір сүріп жатқанды (ens)
бір-бірінен айырады. Болмыс категориясы тек қана мәңгі, абсолютті, құдіретті өмір
сүріп жатқан Құдаймен теңелсе, нақты бұл дүниеде өмір сүріп жатқан заттар -
жаратылған, өтпелі, олардың болмысқа тек қатысы ғана бар, яғни уақытша келген.
Нақтылы дүниеге келген заттардың «өмір сүруі» (existentia) мен мән-мағынасы
(essentia) бар. Олар бір-бірімен қосылып, сонымен қатар бөлініп жатады. Бұл дүниеде
өмір сүру, яғни болмысқа қатысты болу дегеніміз - жаратылғандықтың белгісі. Екінші