Нуржігіт Алтынбеков 455
отыруымыз қажет. Олардың ойынша, ол, әсіресе XX ғ. ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерін сараптау үшін аса қажет.
Осы тұрғыдан олар XX ғ. ашылған ұлы ғылыми жаңалықтарды Библияның негізгі
қағидаларымен салыстырып, олардың «ақиқаттығына» баға береді. Мысалы, XX ғ.
екінші жартысында астрофизика саласында ашылған біз өмір сүріп жатқан Дүниенің
пайда болуы мен жасы жөніндегі «үлкен жарылыс»теориясын алайық. Алғашында
материя «сингулярлық», яғни орасанзор қысымның негізінде «нүктелік» жағдайда
өмір сүрген. Ал оның өзі 13 млрд. жыл бұрын «үлкен жарылысты» тудырып, біздің
галактикадағы жүлдыздар жүйесінің қалыптасуына әкелді (Құс жолы). Жарылыстың
күші сондай орасан зор болғандықтан, осы уақытқа дейін жұлдыздар бір-бірінен
алыстап, кеңістікте ұшып барады. Оны астрофизиктер: «Бір-бірінен қашып бара
жатқан галактика», -дейді- бұл теорияны қарапайым адамның санасына енгізу өте
қиын, өйткені нүктеден, практикалық түрде, жоқтан біздің галактика сияқты орасан
зор Дүние пайда болды. Ойлап қараңызшы: күннің ішіне 1 млн. жуық жер сияқты
планеталар сыйып кетуі мүмкін. Ал күн - қарапайым орташа жүлдыз. Ал олардың
саны тек біздің галактикада ғана 200 млрд. артық!!! Осының бәрі «нүктеден» пайда
болды!!
Христиандық философияның бұл ғылыми жаңалыққа берген бағасына келер
болсақ, олар бұл ашылған жаңалық Құдайдың «жоқтан» бар Дүниеніжаратқаны
жөніндегі діни қағиданы ғылыми түрде дәлелдейді деген пікір туындайды. Олай
болса, бұл теорияның ақиқаттығына күмән келтіруге болмайды.Екінші мысал ретінде
биология саласында ашылған тіршілікті клональды түрде, яғни жыныстық жолдан тыс
жарату мүмкіндігін келтіруге болады. Биологтардың айтуына қарағанда, тірі
организмнің әрбір клеткасында организмнің бүкіл «генетикалық қоды» жазылған.
Олай болса, белгілі бір клеткадан жасанды жағдай тудырып, дәл сол организм сияқты
жаңа тіршілікті дүниеге әкелуге болады!! Әрине, бұл - ғылым саласында ашылған
ғажап жаңалық. XX ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары клеткадан «Долли» деп ат