Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет398/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
459 
байланысты екенін көрсеткені де бүгінгі дағдарыстағы адамзатқа шынайы сабақ 
болды. Ал енді осы XX ғ. тудырған орасанзор қайшылықтар мен тебіреністер қазіргі 
Шығыс философиясында қалай шешіледі? Енді осы сұраққа жауап беруге тырысайық. 
XX ғасырдағы Шығыс діни философиясы 
XX ғ. ғылыми-техникалың революция, соның негізінде пайда болған орасан-зор 
өндіргіш күштер, мемлекеттер арасындағы экономиқалық, мәдени, саяси 
қатынастардың күрт өсуі Шығыс елдерінің ахуалын «батыстандыра» бастады. 
Шығыс елдері заманның қойған талабына сәйкес келетін жауаптар іздей бастайды. Бір 
жағынан, әрине, олар өздерінің өндіргіш күштерін Батыстың дамыған 
елдеріндегідей қылып дамытып, халықтарының өмір суру деңгейін өсіргілері келеді. 
Екінші жағынан, Батыстың елдеріндегі рухани тоқыраушылық оларды үрейлендіріп, 
мыңдаған жылдардағы жиналған мәдениет құндылықтарына, өмір салтына, әдет-
ғұрпына соққы тигізе ме деген алаңдаушылықты тудырады. 
Сонымен, бір жағынан, сыртқы ықпал, екінші жағынан, ұлттық-мәдени мұраны 
сақтап қалу мәселесі Шығыс елдеріндегі рухани өмірде, негізінен, үш ағымды 
тудырды. 
1. Кертартпа 
ағымдағы 
күштер 
(регрессизм) 
ұлттық 
рухани-мәдени 
құндылықтарды сақтап қалу қажет, Батыстан келгеннің бәрі - шайтандық нәрселер 
деген пікір айтады. Батыстың ықпалына қарсы тұратын ең күшті құрал - ол дін. 
Сондықтан Ислам діні тараған біршама Шығыс елдерінде «діни фундаментализм» 
(ірге-тастық) кең етек алып, онда неше түрлі экстремистік саяси қозғалыстар қоғам 
өмірінде кең орын алып отырғаны бүгінгі таңда құпия нәрсе емес. Жалпы алғанда
оның түп-тамырын Батыс жолымен қоғамды модернизациялауға (жаңартуға) 
бағытталған саясаттан шығатын қайшылықтардың нәтижесі деп байланыстырсақ та 
болады. 
Бұл бағыттағы ойшылдардың ойынша, «тағдыр - алдын ала анықталған», 
әлеуметтік өрлеу дегеніміз - жалған, алдайтын нәрсе. Адамның негізгі мақсаты - 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет