Нуржігіт Алтынбеков 538
Биологиялық шеңберді бұзып-жарып Дұниеге келген қоғамның негізгі ерекшелігі
— онда рух бар, ал оның иесі — саналы адам. Онымен бірге шығармашылық іс-әрекет,
соның нәтижесінде айнала қоршаған ортаны саналы түрде өзгерту үрдісі келеді.
Адам өз санасы арқылы табиғаттың сикырлы күштерін игеріп, ез күш-қуатына
айналдырады.
Бүгінгі таңдағы біз білетін Әлемде қоғамнан күрделі жүйе жоқ сияқты. Мүмкін,
Ғарыштың бір бұрышында адамзаттан да биік дәрежеде ұйымдасқан рух болуы
ғажап емес, бірақ ол бізге беймәлім. Екінші ескеретін нәрсе - қоғам дамуы
қарқынының ғасырдан-ғасырға тездей түсуі. Термодинамиканың бірінші бастамасына
сәйкес, ол үрдіс энергия мен мәліметтің соған сәйкес жылдамдықпен өсуін талап
етеді. Осы себепті соңғы кезде адамзатқа энергияның, қанша көп өндірсе де,
жетіспеуі айғақ.
Әрине, коғамның прогрессивті дамуы ешкімнің қарсылығын туғызбайтын жайт.
Алғашқы тобырдағы жабайы адам мен казіргі «цивилизацияланған» адамның екі арасы
шексіз деп айтуға болады. Бірақ оның анықтамалары кандай деген сұрақ біздің
ойымызға келеді. Егер өндіргіш күштердің дамуын анықтама ретінде алсақ, онда
АҚШ-тан артық ел жок сияқты. Ал онда кейбір араб елдерінде оны неге «шайтан
қоғамы» дейді? Материалдық байлығымен масаттанатын бұл елдін рухани озықтығы
қандай? Американдықтар өз адами қасиеттерімен бізді озып кетті ме т.с.с. сұрақтарды
қойсақ, онда прогрессивтік дамудың қайшылықты екенін, оны анықтау үшін бірнеше
факторларды ескеруіміз керек екенін байкаймыз. Бұл арада, әрине, адам табиғатын
терең сараптаған жөн сияқты.
Адам - бұл Дүниенің дамуының ен биік шыңы, ол Қайшылықты пенде. Бір
жағынан - ол дене, сонымен бірге оның неше түрлі материалдық кажеттіліктері келеді,
олар өтелмейінше, өмір жоқ. Екінші жағынан алғанда, ол - рух, ерікті, саналы. Әрине,
соңғысы - басыңқы болуы керек, өйткені дене қажеттігі - барлық тіршілікке тән нәрсе,
ал адам болса жануар емес. Сонау Кон-Фу-Цзы мен Сократтан бастап, Жаңа
дәуірдегі ойшылдарға
«адами ахуалды рухани ахуалмен» теңейді. И.Кант айтып