Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет475/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
537 
рөлін анағұрлым арттырады. Қазіргі деректерге сүйенсек, тірі организмнің 
күрделілігі соншалықты, оның әр клеткасының өзегінде 10/32-ші дәрежедегі бит 
генетикалық мәлімет сақталады екен!! Егер әр адамның бойында 1 млрд. жуық 
клеткалар болатын болса, онда, көркемдеп айтсақ, адам организм ретінде 1 млрд. 
табиғи компьютерден тұрады екен. Бұл не деген табиғаттың ойға сыймас ғажаптығы!! 
Сондықтан американ ғалымы Ф.Типлер: «Өмір дегеніміз - белгілі бір табиғи таңдаудың 
нәтижесінде құрылған кодтық дәрежедегі информация», - дейді. Алайда, мұндай 
анықтаманың танымдық құндылығы өте төмен екендігін айтсақ та болады. 
Жоғарғы айтылған қасиеттерден басқа өмір айнала коршаған ортамен белсенді 
байланысқа түседі, егер тасты итерсеңіз, ол жылжиды, ал жыланды қозғасаңыз, ол 
сізден қашады, я болмаса шағып алады. 
Барлық тіршілік өсіп-өніп, жаңа буындарды Дүниеге әкеледі, бірақ олар өткен 
ұрпақтармен ұқсастығы, сонымен қатар айырмашылығымен сипатталады. Жаңа 
қасиеттердің организмде жиылуының арқасында мыңдаған жылдар өте, тіршіліктің 
жаңа түрі Дүниеге келеді т.с.с. Яғни тіршілікте прогрессивтік даму үрдісі бар және ол 
өлі табиғатқа қарағанда анағұрлым тез қарқынмен жүруде. Бұл арада оның тарихи 
күрделену деңгейін қысқаша былай көрсетсе де болады: молекулярлық, клеткалық, 
организмдік, популяциялык, биоценоздык, биосфералық денгейлер. 
Тіршілікті прогрестік тұрғыдан бағалау — оның күрделі жүйе ретіндегі өмірге 
бейімделу денгейі, сонымен қатар айнала коршаған ортадан тәуелсіздігінің өсуі, 
ақпараттық байланыстардың көбею т.с.с. жатқызуға болады 
Енді кезек коғам өміріндегі прогресті анықтауға келген сияқты. 
Биологиялық қозғалыс формасы миллиардтаған жылдардағы даму үрдісінде 
белгілі бір сәтте өз мүмкіндігін толығынан іске асырып, шегіне жетті («ақылды» 
жануарлар Дүниеге келді). Әрі қарай даму биологиялық даму шеңберінде мүмкін емес 
еді: ол үшін әлеуметтік қозғалыс формасына секіріс қажет болды және ол жер бетінде 
іске асты да. Оны тудырған адамдардың арғы тегі архантроп деген атақ алған адамға 
ұқсас маймылдар болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет