Нуржігіт Алтынбеков 540
көрсеткендей, бірде-бір таза байлықты қуған қоғам адамдарға зардаптан басқа бақыт
әкелген жоқ (Нерон мен Калигулла заманын, Кир патшанын тағдырын еске алыңыз).
Ал біздің ұлы ойшылымыз Әл-Фараби «динар (арабтың алтын ақшасы) қуған
коғамды «надан қала» деп айтып кеткен болатын.
Тәуелсіздікті қолымызға алып, қоғамды жаңартып жатқан кезде «Ұлы
мәртебелі тарих» бізге басқаша дамуға мүмкіндік береді өйткені қазақ халқының
мыңдаған жылдардағы жинаған руханияты өмірдің мәнін басқаша түсінеді (ол
жөнінде: Мырзалы С.Қ., Есбол Ғ.Ш. Философия әлеміне саяхат (Отандық
философия), Қостанай, 2001, 3-10 б.б.). Ол үшін біз жалан еліктеушіліктен бас тартып,
руханияты биік, әлсіздерге қол ұшын беретін, дүниеде алудан гөрі болуды
басымдылық ететін қоғам орнатуымыз керек.
Қазіргі таңда Батыс қоғамдарында да бұл мәселе қызу талданып, «өмір
сапасына» көп көңіл бөлінуде. Өмір сапасы жалғыз материалдық байлыққа келіп
тірелмейді: оған таза ауа, ішетін су, ақысыз білім мен денсаулық қажеттіктерін өтеу,
жастарға арналған арнаулы әлеуметтік бағдарламалар болуы т.с.с. көп нәрселер кіреді.
Яғни коғам өміріне жаңа «өмір сапасын» енгізу дегеніміз — жеке мүддеден гөрі
қауымдық мүддені жоғары ұстау. Ол үшін, негізінен алғанда, саясатта әлеуметтік
демократиялық жолға түсу керек. Ол біздің дініміз бен ділімізге сай келер еді.
§ 13. Жүйе, элемент, құрылым Жоғарыдағы талданған категориялар сияқты, жүйелік те -болмыстағы заттар мен
құбылыстарға тән қасиет. Ол дүниедегі ретке келгендікті, белгілі бір заңдылықты,
хаосқа қарсы тұрған үрдістерді сипаттайды.
Жүйе дегеніміз белгілі бір тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер
жиынтығы. Элементтер деп нақтылы тұрғыдан алып қарағанда, әрі қарай бөлінбейтін
жүйенің негізінде жатқан оның бөлшектерін айтамыз. Басқа жағдайда, байланыстарда
сол элементтердің өзі жүйеге айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүкіл Дүниені
жүйенің жүйесі ретінде қарауға болады.