Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет480/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
542 
бағдарламасының болуы. Оның терең мән-мағынасын бүгінгі таңда тез қарқынмен 
дамып келе жатқан генетика ғылымы зерттейді. Қоғам өмірінде ол саналы түрде 
жасалған мақсат-мұратқа айналады. Мысал ретінде «Қазақстан-2030» бағдарламасын 
келтіруге болады. 
Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, қоғам. Қоғам өмірінде 
миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы пенделер, өз өмірін 
жоспарлап, өз алдына неше түрлі мақсаттар қойып, оны іскс асыру жолында басқа 
адамдармен топтасып, кезге көрінетін сан алуан қарым-қатынастарға түседі. Ал көзге 
көрінбейтін саны жоқ қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге 
барып бір нан сатып алсаңыз, ол тек қана сіз бен сатушының қарым-қатынасын көрсетіп 
қана қоймайды. Сол элементарлы байланыс сізді саны жоқ астыртын миллиондаған 
адамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды, ал оны өндіру үшін бидай қажет, 
ол үшін егін егу керек, оған тракторлар мен сепкіштер керек, ал оларды жасау үшін 
темір рудасын өндіріп, оны металлургия комбинатында балқыту керек ...т.с.с.!!! 
Қоғамның күрделі жүйе екендігін реформа барысында, әсіресе саясаткерлер 
естерінен шығармаулары керек. «Ең алдымен экономика саласындағы реформаларды 
жасап алайық, калғаны бірте-бірте өз орнына келер» деген жалаң да тұрпайы 
ұрандар, құдайға шүкір, бүгінгі таңда келмеске кетті. Экономика қоғамның іргетасын 
құрайтындығы - хақ. Сонымен қатар бүгінгі таңда «адам факторы» негізгі қоғам 
байлығына айналып жатқаны да еш күмән туғызбайды. 
Қоғамды Дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның өзі де ішкі оған 
бағынышты қосалқы жұйелерден тұратынын айқындаймыз. Бүгінгі кең тараған пікір - 
оны 4 қосалқы жүйеге бөлу: 
экономикалық жұйе; 
әлеуметтік жүйе; 
саяси-қүқтық жүйе; 
рухани-адамгершілік жүйе; 
Олардың әрбіреуінің өзіндік элементтері, құрылым заңдықтары бар. Бірақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет