Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет515/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
578 
зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар оны 
жаңа өмір талаптарымен ұштастыру — бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелерге жатады. 
Бір дәуір екіншіге ауыскан жағдайда жаца мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы 
көзкарасты, құндылықтарды сынға алған жаңа саяси, моральдык, эстетикалық т.с.с. 
идеялар пайда болады. Бірақ, сонымен катар әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс 
қала бермек. Ол - тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі 
қалыптасқан мәдениет үлгілері ұрпақтан-ұрпакка өтіп, олардың өмір салтына, іс-
әрекетіне, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адамдардың өзара қарым-қатынасына үлкен 
әсер етеді. Сонымен қатар тіл де, басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты, өне бойы 
өзгерісте, дамуда. Тілді тазарту, тарихи ұмыт қалған сөздерді өмірге қайта енгізу, жана 
сөздерді тудыру - бүлардьщ бәрі де керек нәрселер. Бұл жағынан алып қарағанда
біршама жұмыстардың беті қайтарылған тәрізді. 
Сонымен қатар бұл салада да асыра сілтеушілік жоқ емес сиякты. Әсіресе бүгінгі 
таңда, казақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен тығыз экономикалык, саяси жэне 
мәдени карым-қатынасқа түсіп жатқан кезде, көп ұлттардың сөздіктеріне кеңінен еңген 
сөздерді алып тастап, оларды «жаңарту» біздің тілімізді жаңартар ма екен, я болмаса 
басқа қауымдастықтардан алыстатар ма екен? Біріншіден гөрі екінші ақиқатқа жақын 
ба деп ойлаймыз. 
Мысалы, «цивилизация» деген бүкіл жер шарына кең тараған ұғымның орнына 
«өркениет» деген сөз енгіздік. Ал олардың мазмұндары бір-біріне сәйкес келмейді. 
«Цивилизация» ұғымы, негізінен алғанда, коғамның заттық, материалдық деңгейін 
көрсететін ұғым болса, «өркениет» (түбірі - ниет) адамның, қоғамның рухани өмірін 
бейнелейтін, «мәдениет» деген ұғымға жақын сөз. Соңғы жылдары «тексті» «мәтінге» 
(түркі емес, араб сөзіне ауыстырғанда не пайда таптық?), «класты» «сыныпқа», 
«архивті» «мұрағатқа» т.с.с. ауыстырдық. Біз мұндай «тазартулардың» пайдасынан 
гөрі зияны көп болмас па екен деген күдіктеміз. 
Дегенмен де қазақ тілінің арнасы бүгінгі таңда кеңеюде. Әрине, оны 
толыққанды мемлекеттік тіл дэрежесіне жеткізу үшін біршама уақыт керек. Ол үшін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет