Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет516/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
579 
әрбір қазақ азаматы белсенділік көрсетіп, өз тілін терең меңгеріп, кең түрде қолдануы 
қажет. Сонда ғана басқа халықтардың өкілдері де қазақ тіліне деген шынайы бетбұрыс 
жасайтыны сөзсіз. 
ж) сана және кибернетикалық құралдар 
Электрондық-есептеу құралдары пайда болысымен-ақ, оларды адамның миымен 
салыстыру, олардың бір-бірінен айырмашылығын зерттеу үрдістері басталып кетті. Бұл 
сала өте тез қарқынмен дами бастаған сайын, бұл мәселе де философиядағы өзекті 
салаға айналды. Бүгінгі таңда неше түрлі роботехника пайда болып, тіпті толығынан 
автоматизацияланған адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін цехтар, тіпті зауыттар 
дүниеге келді. Бүгінгі таңдағы адам электрондық әуенді тыңдай алады, жобалау 
институттарын компьютерлік жабдықтарсыз көзге елестету өте қиын. «Genius» деген 
өте күрделі компьютер Әлем чемпионы Г.Каспаровтың өзін жеңіп кеткені бүкіл 
адамзат қауымын таңғалдырған болатын. Аса күрделі компьютерлік бағдарламаларда 
шығармашылық тұрғыдан ізденіс жасай алатын жасанды интеллектіні де байқауға 
болады. Американдық фантаст-жазушы А.Азимов болашақта адамның өзіне парапар 
роботтар дүниеге келіп, адамға қарсы көтеріліс жасап, өз еркіне көндіру эрекетін 
жасауы мүмкін деген қиял айтады. 
Олай болса, мэселе тікелей қойылып, жасанды интеллект алдағы уақытта 
адамның өзін ауыстыруы мүмкін бе деген ашық сұрақ пайда болады. 
Әрине, адамның миы — бүгінгі таңдағы ашылған ең күрделі биік дэрежеде 
ұйымдасқан материя. Ол кванттық деңгейде жұмыс істейтін өте нэзік ойлау қүралы. 
Сонымен қатар электрондық-есептеу құралдары да - жартылай өткізгіштердің 
негізінде жүмыс істейтін сандық құ_рылымдармен байланысты материалдык үрдіс. 
Міне, осы жақтарынан ми мен компьютерді салыстыруға болады. 
Информациялық қабылдаулар мен байланыстар, басқару мен бақылау жүйелерінің 
заңдылықтары тірі организмдер мен автоматикалық қүралдарда сандык жағынан алып 
карағанда ортақ болуы мүмкін. Мысалы, компьютердегі мэліметті кабылдау, өңдеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет