Нуржігіт Алтынбеков 580
жэне жауап қайтару мидың түйсіктер арқылы деректер алып, оларды өңдеп жауап
беруіне өте үқсас. Әрине, тірі организмде болып жатқан нэзік физика-химиялық
үрдістерді өлі табиғат-тағымен толығынан тепе-тең салыстыру мүмкін емес. Бірақ,
соған қарамастан, олардың үқсас жақтары да болғандықтан, математика ғылымының
негізінде оларды модельдеуге болады.
Бүгінгі таңда компьютерлік техниканың (жасанды интел-лектінің) мүмкіндіктері
жыл сайын өсуде. Мүмкін, болашақта адамның миын толығынан модельдеуге де
жетерміз. Дегенмен де жасанды интеллект адамның көмекшісі ретінде кеңінен пайда-
ланылса да, оны толығынан ешқашанда ауыстыра алмайды деген үзілді-кесілді пікір
айтуға болатын сияқты. Енді осы пікірімізді дәлелдеп көрелік.
Бүгінгі таңда кибернетикалык күралдар өте күрделі өндіріс жүйелерін басқаруға
көмектеседі. Бірақ сол басқару бағдарламасын компьютердің «жасанды санасына»
енгізетін сол адамның өзі емес пе? Компьютер миллиондаған ақпараттан ең тиімдісін
бірнеше секундта таңдап алып, адамға ұсынады. Ол адамның миын түрпайы есептеу
үрдістерінен босатып, оның шығармашылық мүмкіндікте-рін іске асыруға жағдай
тудырады. Әрине, кейбір аса күрделі
компьютерлік бағдарламаларда шығармашылык ізденістердің элементтері
енгізілген. Дегенмен де жасанды интеллект шынайы шығармашылық ізденіс жасай
алмайды. Бүл мэселеге толығырақ тоқталайық.
Шығармашылық ізденіс шабыттың, сезімдік толғаудың негізінде пайда
болатыны сөзсіз. Адам тек қана ойлай алатын пенде емес, сонымен қатар ол сүйінеді,
күйінеді, шабыттанады, ізгілікке, эсемдікке ұмтылады т.с.с. Осы факторлардың бэрі
келіп адамның шығармашылық ізденісін тудырады. Жалғыз ғана салқын ой
шығармашылықты, нақтылы кол астындағы болмысты аттап өтіп, жаңа көкжиекті
тудыруы екіталай. Олай болса, кибернетикалық кұралдарды адами шығармашылық
деңгейге көтеру үшін, олардың бағдарламасына сезім толқындарын енгізу қажет: олар
адам сияқты сүюі, ренжуі, шаттануы, ізгілік пен эсемдікке үмтылуы керек. Ол үшін
оның санасына бүкіладамзат өткен жолын енгізу қажеттігі туындайды, ал ол мүмкін