Нуржігіт Алтынбеков 647
жақтарымен танылатын асыл мұраларын, бүгінгі күнмен үндесіп жаткан жаңа
туындыларын таныстырды. Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Марат
Бисенғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамедқызы т.с.с. мәдениет
қайраткерлері көп елдердің үлкен сахналарына шығып, еліміздің ғажап мәдени
кұндылықтарын басқа халықтарға ұсынып, солардың кошеметіне бөлінді.
Әрине, қайсыбір қоғамның жүйелі дағдарысы сан алуан қайшылықтарға толы,
оның негізгі ауыртпалығы қарапайым адамдардың еншісіне өтеді. Әсіресе
тоталитарлық социализм жүйесінен демократиялық қоғамға өтудің бұрын-соңды
адамзат тарихында болмаған қиындықтарға әкелгенін 90-шы жылдар айкын көрсетті.
Алайда бас бостандығына ие болған халқымыз оның бәріне де шыдап,
шығармашылық жолмен оларды жене білді.
Келесі даму сатысындағы негізгі мәселелер - шикізат өндіретін елді жаңа
технологияларға негізделген өндірісі бар, дүниежүзілік бәсекелестікке сай келетін
заттарды шығара алатын қоғамға айналдыру болмақ. Сонымен қатар ұлттық тілімізді
толыққанды дәрежеге көтеріп, салтымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа өмірге сай
келтіріп, біздің рухымызға жат шетелден кірген тұрпайы мәдени туындыларды
сырттататын ахуалға жетсек дейміз.
§ 4. Қоғам өмірінің негізгі салалары Бүгінгі қоғамтану әдебиетінде қоғам өмірінің негізгі салалары ретінде
экономикалык, әлеуметтік, саяси-кұқтық жэне рухани өмір көрсетіледі. Әрине,
қоғам өмірі өте күрделі жүйе, сондықтан осы көрсетілген салалар бір-бірімен шым-
шытырық байланыста. Мысалы, экономика мен әлеуметтік сала арасындағы
байланыстар өте тығыз. Экономика дамымай, бірде-бір әлеуметтік мәселелерді
толыққанды шешу мүмкін емес. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау
т.с.с. әлеуметтік мәселелер биік денгейде шешілмесе, өндірісті дамыту, жаңа
технологияларды өмірге енгізу екіталай. Ал оларды бір-бірімен үйлесімді
байланыстыру саясатпен тығыз байланысты екені тағы да сөзсіз. Ал саяси