Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет598/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
664 
шынайы демократизмін көруге болады. 
Халықтың санасында терең ұялаған келесі құндылық әлеуметтік әділеттілік. 
Бұл құндылық, сайып келгенде, еркіндік пен теңдіктің өлшемін, бірлігін қүрайды.
Әлеуметтік әділеттілікті тұрпайы теңдікке теңеуге болмайды. Өйткені адамдар туа 
келе әр-түрлі, жүре келе олардың бойындағы айырмашылықтары да өсе бастайды.
Өздерінің іскерлігі мен тапқырлығына байланысты адамдар әр түрлі деңгейде
өмір сүреді. Солай десек те, ақыл-ойымызбен оны түсінсек те, әділеттілік
сезім көп нәрселерді өзгертуге ұмтылдырады, өйткені ол адамның жүрегінде 
үялаған. Ақыл-ой мен жүрек ақиқаттарының арасында біршама
айырмашылықтар бар, кейбір жағдайда жүрек шындығы тарихи көк-жиекті дәлірек 
сезінеді. Әділеттілік сезім кемтарларға қол ұшын беруді, әлі ересек өмірге кірмеген 
жастардың өмір бастамасының тең болуын талап етеді. Расында да, әлі өмірге 
ешқандай үлес қоспаған жастардың арасындағы әлеуметтік айырмашылық болашақ 
азаматтың жүрегінде кепке дейін жазылмайтын жара калдырады. 
Әлеуметтік әділеттіліктің талаптарын іске асыруда мемлекеттің ролін асыра 
бағалау қиын. Гегель айтқандай, «мемлекет - адамгершілік идеясының шынайы 
болмысы», өйткені оның негізгі максаты - қоғамның бір тұтастығын қамтамасыз ету, 
төмендегі әлсіз әлеуметтік топтарға қамқорлық жасау. Тәуелсіз жас мемлекет алғашқы 
қадамынан бастап, өзінің «әлеуметтік» мәнін шынайы түрде көрсете білді. 
Экономикадағы сан қилы киындықтарға қарамастан, зейнеткер, мүгедектер т.с.с. 
әлсіз топтарға уақытында жәрдемақылар төленіп, олардың көлемі жыл сайын өсуде. 
Сонымен катар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың 
ішкі дүниесіне айналуы керек. Бүгінгі таңда неше түрлі қайырымдылық қорлар әлсіз 
топтарға көмек беріп, оларға моральдық қолдау жасайды. Іскер топтардың өкілдері 
де бұл игі істерге жыл сайын көбірек үлес қосуда. Талай жылдар бойы қорланып калған 
киын әлеуметтік мәселелердің бәрін шешуге біршама уақыт керектігі айдан анық. 
Әлеуметтік эділеттілік талаптарын мемлекетпен қатар бүкіл қоғам болып жұмыла 
шешу керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет