Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет597/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
663 
Әрине, еркіндік - адамның тектік қасиеті, адам еріктікке жаратылған пенде. 
Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өз бойындағы 
қабілеттерін, талантын іске асыра алады. Адамды зорлап шығарма тудыруға итеру 
мүмкін емес. Өйткені оған шабыт керек. Ал зорлық пен шабыт - бір-бірімен 
ымыраласпайтын нәрселер. XXI ғ. қойған талаптарына сәйкес даму үшін әр адамның 
еркін шығармашылық еңбегі керек. Ол үшін білімнің биік шыңдарына жету қажет. 
Сонымен қатар адамның теңдікке деген ұмтылысы да тарихтың козғаушы күштеріне 
жататынын ескерген жөн. Теңдік рухы кең етек алған коғамдарда 
адамдар өз абыройын, намысын (мен ешкімнен де кем емеспін деген сезім) 
жоғары деңгейде сезінеді. Яғни ол сезім де адамның шьіғармашылық іс-әрекетіне 
жол ашады. 
Тәуелсіз елге айналып, өз мемлекет іргесін қалау барысында бұрынғы тұрпайы 
теңдікке негізделген қоғамды еркіндікке баулуда біз біршама қиындықтардан өттік. 
Біріншіден, лезде жарияланған еркіндік ұранын пайдаланып қалған белсенділердің 
саны аз болды да, талай жылдар «жоғарыдан түсетін бұйрықтың» негізінде өмір 
сүрген көпшілік жаңа жағдайға таңырқап қарап, өз қамын іске асыра алмай қалды. 
Тек талай зардаптан өткен қалың бұқара жаңа өмірге бірте-бірте бейімделіп, 
біршамасы іскерлік танытып, нарықәың қойнауына кіріп жатқан жағдай бар. Жас 
мемлекетгің шағын жэне орта іскерлікті дамыту саясаты да халықтың еркіндікті 
сезініп шығармашылық еңбегін оятуға өз себебін тигізді. 
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы 
анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам кұқықтары» дейді. 
Сонымен қатар еркіндік ұранын алға тартып, ойына не келсе, соны істегісі 
келетіндерге, әсіресе қоғам өміріндегі қайшьшықтарды пайдаланып, бәріне «қара күйе 
жағып» билікке ұмтылғандарға заң жүзінде тосқауыл қойылуы керек. Әсіресе 
керекті нәрсе бұрынғы қоғамның көп жетістіктерін қараламай, жаңа өмірге енгізу, 
соның ішінде халықтың санасында өшпес орын алған теңдік сезімді тек заң жүзінде 
ғана емес, моральдық құнддылық ретінде сақтап қалу керектігі. Сонда ғана қоғамның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет