Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет596/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
662 
Саясат дегеніміз - сол шектелген байлықты әртүрлі топтардын мүдделерін ескере 
отырып, әрі карай дамуға жол ашатындай кылып бөлуге байланысты. Ал мұның өзі, 
үшіншіден, биліктегілер мен жалпы саясаткерлердің терең білімділігін талап 
етеді. Мұны біз эксперттік (сараптау) билік деп айтсақ та болады. 
Қорыта келе, біз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-демократиялық қоғам 
орнату жолында біршама жетістіктерге жеткенін байқадық. Негізгі мақсат осы 
жолдан таймай, жер жүзіндегі озық үлгілерді бойымызға сіңіріп, өз руханиятымызбен 
ұштастырып, гүлденген елге айналу болмақ. 
с) құқық философиясы 
Келесі қоғамның құндылықтары - еркіндік пен теңдік. Кеңес Одағы заманында 
теңдік қүндылығы жөнінде қаншама кітаптар мен мақалалар жазылып, болашақ 
коммунистік қоғамның өзегі ретінде қаралды. 1985 ж. жарияланған «қайта құру» 
(перестройка) саясатынан осы уақытқа дейін еркіндік ұраны (либерализм) қоғамдық 
ақпарат құралдарының өзекті мәселесіне айналды. Егер бұрын партия-кеңес 
қайраткерлері теңдік ұранымен бүркеленіп, өз мүдделерін іске асырса, бүгінгі 
«либералдар» теңдікті таза ұмытып, еркіндік ұранын пайдаланып, ұлттық байлықты 
жекешелендірді. Бүл — саяси сахнадағы көріністер. Енді біз бұл құндылықтарды 
философиялық тұрғыдан талдап көрелік 
Біріншіден назар аударатын нәрсе - ірбір қоғам өз даму деңгейіне сәйкес еріктік 
пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге енгізеді. Тұрпайы қарапайым 
сана деңгейінде еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңестіреді де, 
теңдікті «бәрін тең бөліп берумен» шатыстырады. Ал шынайы өмірде ондай еріктік 
пен теңдік ешқашанда тарихта болмаған және болашақта да болмайды. Абсолютті 
(шегіне жеткен) еріктік адамның басқаларға тәуелділігін жойып, оны жалғыздықтың 
тұңғиығына әкелген болар еді. Екіншіден, ондай еркіндік абсолютті теңдікпен ұласып, 
бір-бірін жойып (аннигиляция) жіберер еді. Сондықтан француз ойшылы А.Камю 
ондай еркіндікті «құзға бара жатқанын байқамайтын соқыр» адамға ұқсатты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет