Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет6/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 

туындыларын жасайды. 
Сонымен мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетінің түп нұсқасы 
ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, 
мүсіншілер мен өлеңшілердің шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін 
тигізеді. Және әр заманның өкілдері мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, 
осы уақытқа шейін ашылмаған сыр іздейді. Мысалы, Прометей жөніндегі мифті алсақ, 
ол Зевсті алдап, адамдарға от әкеліп, онын қалай пайдалану керектігін түсіндіріп, 
әртүрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны Колхидадағы биік 
таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп, оның бауырын 
шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні 
бүркіт тағы да ұшып келеді... Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқа шейін 
Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің 
шығармаларында әртүрлі ойларды туғызып отыр (renaissance - француз сөзі, қайта туу). 
Солардың басымы Прометейді адамды сүюдің, риясыздықтың, ізгіліктің, 
ержүректіктің нышаны десе, соңғы кездегі адамзаттың экологиялық дағдарысқа келіп 
тірелуі, рухани азғындауы Прометейдің кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны 
Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан тайдырушы, тәкаппарлықтың белгісі деп 
түсінуде.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sisyphus-латын сөзі, адамның 
аты), онда оған берілген Құдайдың жазасы: үлкен тасты домалатып, таудың басына 
шығарып орнату керек. Бірақ ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай 
домалап кетеді. Ал Сизиф болса тағы да төменге түсіп, оны жоғарыға итеруге тиіс... 
Бірақ XX ғасырда өмір сүрген француз ойшысы А.Камю, бұл гректің мифінен 
адамның Құдайдың өзіне парапарлығын байқаған. Күнбе-күн үлкен тасты таудың 
басына шығарып, қайта-қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан шағында ол көкке 
көз жіберіп, Құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да, өзінің көнбегенін 
көрсетеді... 
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндердің дамуына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет