Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет9/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
10 
Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай 
ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» 
мәселесі құр босқа қалып қояды. 
Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені 
өзінің құдіретті күші аркылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай 
өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай 
кіріспейді. 
Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік 
көзқарастар да туды (аthos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда 
Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес. 
Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны түсіну 
емес (ғылымның жетістіктері бұл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол оның 
адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, карым-
қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Яғни дін қоғамдағы мораль саласын өзіне 
тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның 
қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores - латын сөзі, әдет-ғұрып). Сонымен 
қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік 
нормаларды (norma - латын сөзі, басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни 
моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік 
дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Адамның 
жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген 
сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар Құдайға 
сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-
тұрысына зор әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық 
нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек 
пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге 
айналдыруы керек. Ал бұл жол — өте киын жол. 
Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық кұндылықтардан басқа, соларға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет