Нуржігіт Алтынбеков 5
Екінші ерекшелігі-мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны
антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы,
табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі,
іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте
Құдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.
Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік
қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында
антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (antropopos- грек сөзі, адам, sentrum - латын
сөзі, орта, әртүрлі катынастардьң бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл мифтер:
«Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен
Дүние жаратылады», - деген пікір айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар адамдардың
өмірінде кең орын алған. Күннің сәулесінің жер бетіндегі тіршіліктің өміріне
тигізетін шешуші рөлі сол заманда-ақ анықталып, Күн Құдайы негізгі табынатын
кұдайлардың біріне айналған. Сонау көне заманда пайда болған дөңгелек күнге
ұқсатылып жасалған. Мысалы, біздің ертедегі бабаларымыз аспанға (тәңір, қытайша -
тян) табынып: «Жер мен тіршілікті, адамды жаратқан сол аспан Құдайы», - деп
есептеген.
Жағалай қоршаған ортадағы өзгерістер, кайталау үрдістері, жыл маусымдарының,
күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкіну, дауыл, топан су, т.с.с кұбылыстар көне
мифтерде жұлдыздар мен планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен
түсіндірілді. Аспандағы жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды,
болашақта болатын оқиғаларды анықтайды, деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық
болжамдар (astron - грек сөзі, жұлдыз) сол көне замандағы пайда болған мифтерге
сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды әйел Құдай алады (қазақтың
Ұмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с). Әйел Құдай -құнарлықтың, жер бетіндегі