Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет5/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 

тіршіліктің әміршісі. Ол — аңшыларға сәттілік әкелетін, жер мен мал шаруашылығында 
мол өнім тудыртатын Құдай. 
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналған мифтердің де 
орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз 
Құдайлары болды. Мысалы, үнді халқы өз мифологиясында 3000-нан аса Құдайлардың 
бейнесін жасады. Құдайлар грек мифологиясында да өте көп. 
Біріншіден, Құдайлар мәңгілік жандар, ал адам болса уақытша Дүниеге келеді. 
Өйткен себебі - Құдайлар алғашқы мәңгілік табиғат заттарынан жаратылған, ал адам 
болса ол — бір мифтерде Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, екіншілерде 
Құдайдың сөзінен пайда болған. Бірақ, дегенмен кайсыбір миф адамға егер сол адам 
өзінің ізгі өмірімен, тазалығымен құдайлардың мейірімін туғызса кішкентай да болса 
мәнгілік өмір сүру мүмкіншілігін қалдырады. 
Екіншіден, аспандағы Құдайлардың өмірі жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. 
Құдайлар да адамдар сиякты күледі, жылайды, қуанады, өкінеді, ғашық болады, т.с.с. 
Оны біз мифтегі социоморфизациялаудың нәтижесі деп түсінуіміз керек (societas- лат. 
сөзі, қоғам, morphe - грек сөзі, форма, түр). 
Әрине, мифтердің пілдей бөлігі - батырлар хиқаялары (Қобыланды, Шора, 
Алпамыс, т.с.с.). Батырлар - бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар, олар ездерінің 
өжеттігімен, зор күш-қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің ғажап істерімен 
халыққа жасаған ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі қиындықтардан 
аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді. 
Мифологиядағы тағы бір ерекшелік - ол адамның жан дүниесін, сезімдерін ерекше 
Құдайдың іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған 
діннің, адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының 
кепілі болып табылады. Мысалы, грек мифологиясындағы кейіпкерлер ғашық 
сезіміне шомылса, ал Афродита: «Ғашықтық - Құдайдын ісі», - деп түсінеді. Егер 
еске түсіру Құдайы - Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен оқиғаларды түсіреді, 
егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға шабыт бітіп, ол өнерде шығармашылық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет