Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет14/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
15 
жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және 
мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана 
Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары 
мен қатынастарын зерттейді (jbjectum - латын сөзі, зат). 
Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді пайдаланады. 
Бірақ философиялық деректердің айырмашылығы - ол жеке ғылымдарда сарапталған, 
белгілі бір теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады, 
әсіресе бұл философияның онтология және гносеология (эпистемология) салаларына 
тән нәрсе(ontos-грек сөзі, болу, өмір сүру),(gnosis-грек сөзі,білім,таным). 
Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан теоретикалық 
жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл 
ғылымның саласында үзілді-кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір 
ойынан шығатын бірде-бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында 
қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. 
Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше түрде 
басқалардан бөліп алып зерттейміз. 
Ал жеке ғылымдарды алатын болсақ, ондағы ашылған табиғат сырларын
жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. 
Мысалы, физика саласында қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл 
ғылымның жетістіктері бүкіл адамзатқа ортақ, және өткен ғасырларда ашылған 
жаңалықтар 
мен 
жасалған 
теориялар 
үйлесімді 
түрде 
жаңа 
жасалған 
тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар бір-біріне 
қарама-қайшы келмейді. 
Философияға келер болсақ, ондағы сонау көне заманда койылған 
метафизикалық сұрақтар осы күнгі ұрпақтарды да тебірентеді, оларға әр дәуір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет