Нуржігіт Алтынбеков 695
қоғамдық мүддені жоғары ұстауға кетеді. Сондықтан қайырымдылық, әлсіздерге қол
ұшын беру осы діннің негізгі қағидаларының бірі болып саналады.
Экономика саласындағы Батыстық пайда, кірісті мейлінше көбірек табу, құнды
қағаздар нарығындағы пайда табу әдістерін, өсімқорлық сияқты нәрселерді Ислам діні
қабылдамайды. Экономика - адамдардың өмір сүруіне жағдай жасайтын құрал ғана, ол
ешқашанда өз-өзіне жеткілікті мақсат-мұрат емес. Бұл жағынан алып қарағанда,
Ислам неше түрлі социалистік идеяларға жақын екенін байқаймыз. Осы тұрғыдан
алғанда, бұрынғы Кеңес Одағының біршама Ислам елдерімен өте тығыз байланыста
болғанын түсінуге болатын сияқты.
Тағы да Исламды Христиандық дінмен салыстырсақ, Алла тағаланың қаһарлы
Құдай екенін байқаймыз. Ол жеке адамның Өзіне ұқсастығын мойындамай, оның
тәкаппарлығын судай басады.
Ислам елдерінде гомосексуализм, лесбиандық, нашақорлық, порно-графия, аборт
т.с.с. Батыстағы кең тараған нәрселерге тыйым салынған. Сондықтан да Батыс өмір
жолының ақпарат құралдары арқылы дүние жүзінде кең тарауы Ислам елдерінде
наразылық тудырып, қазіргі діни іргелілік (фундаментализм), экстремистік
қозғалыстар себептерінің бірі болып отыр.
Бүгінгі адамзатты бірде-бір дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан
Жер бетінде мыңдаған жаңа діни секталар өз көзқарасы, рухани кұндылықтарын
уағыздауда. Олардың кейбіреулері адам үзілді-кесілді шайтан жолына түсті,
сондықтан ақыр заман көп кешікпей келеді десе, екіншілері еш нәрсеге зәбірлік
жасамауға, ет жемеуге (вегетариандық), табиғатты аялауға, төзімділікке, бейбіт
өмірге шақырады. Мұндай қозғалыстар біздің елімізде де бар.
Бүгінгі біртұтастыққа бет алған адамзатқа болашақта, әрине, жаңа дін керек
болуы ғажап емес. Ол бүгінгі діндердің жақсы жақтарын қамтып, адамзатты
келісімге, зорлық-зомбылыққа тойтарыс беруге, адамды аялап, сүюге, жер бетіндегі
тіршілікті сақтауға бағытталуға тиіс. Өкінішке қарай, рухани саладағы өзгерістер
тарихи өте баяу қарқынмен жүреді. Солай десек те, тек рухани жаңарудың негізінде