Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет71/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
80 
қойылған. Гераклит «Бұл ғарыш, 
барлы
қ
өмір сүргенге бір, еш Қ
ұ
дай, я болмаса адам жаратпаған, болған, 
болып жатқан және болатын жар
қ
ыраған тірі от, өлшемді 
түрде сөніп, жанып отырады». 
«Алтын тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі де отқа, от бәріне 
алмастырылады». 
Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық көрсетеді. 
Пан та реи (раn tа rһеі) бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, еш нәрсе қозғалмай тұрақты 
тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады деген терең пікір айтады. «Өзен суына екі 
рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол 
өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз». 
Ойшылдың бүл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен болып 
көрінгенмен, оның суы өне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып отырады. 
Сондықтан екінші реттей өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып кеткен. Сонымен қатар 
біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік. 
Гераклиттің шәкірті Кратил: «Біз бір реттей де өзенге түсе алмаймыз, өйткені біз 
суға кіріп жатқанда, олар сол сәтте ағып кетеді, оның орнына жаңа су толқындары 
келеді, біз өзіміз де сол сәтте өзгеріп жатамыз», - дейді. 
Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, сонымен қатар 
оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, қалыптасу дегеніміздің өзі қарама-
карсылықтың бір-біріне өтуі: суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ 
дымқылға, жас кәріге, тірі өліге т.с.с. айналады. Өмір садаққа, лираға ұқсайды (лира 
- гректердің музыкалық аспабы, ортүрлі тартылған ішектерден тұрады). Заттардың 
қарама-қарсы жақтары өшпейтін күресте. «Соғыс — бар заттың анасы және 
басқарушысы», - дейді Гераклит. Бірақ ол біржақтылықтан аулақ. Соғыс белгілі бір 
уақытта бейбітке, не үйлесімділікке айналады. «Олар (надандар) түсінбейді: 
айырмашылығы бар нәрсе ғана өз-өзіне келеді. Ауру саулықтың тәттілігіне, аштық 
тоқтықтың жақсылығына, ауыр еңбек демалысты бағалауға кепіл. Әділеттіліктің не 
екенін біз ренжу болмаса білер ме едік», - дейді ұлы ойшыл. 
Қарам-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп, гармонияға (һаrmоnіа - грек сөзі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет