Нуржігіт Алтынбеков 90
тікелей демократияның дамуы, халық жиналысының, соттың мәнінің өсуі философия
саласында жаңа бетбұрыс тудырады. Жалпы Дүние жөніндегі тебіреністерден
ойшылдар қоғам мәселелеріне, адамның өміріне, мән-мағыналықты ашуға көп көңіл
бөле бастайды.
Осы кезде грек топырағына софистика ағымы келеді (sорһіа - дана, даналық).
Бұл ұғымның мағынасы даналықты, білімділікті көрсеткенмен, уақытында теріс
мағынада «жалған білімділік» ретінде қолданыла басталды.
Оның негізгі себебі - софистердің оқытушылық қызметі, өйткені сол уақыттағы
саяси өмірдің дамуы риторика, логика, философия ғылымдарына деген үлкен
сұранысты тудырды. (риторика әсем және әсерлі сөйлеу өнері, логика ойлау
заңдылықтарын зерттейтін пән). Өйткені саяси өмірде белсенділік көрсету үшін,
жиналған адамдарға өзіңнің көзқарасыңның дұрыстығын дәлелдеп, олардан колдау
табу қажет болды, ал оның өзі оңай жұмыс емес, оған оқу керек болды. Өмірде пайда
болған сұраныс софист-оқытушыларды дүниеге әкелді. Олар тек қана даналыққа емес,
сонымен катар өзінің саяси оппоненттерінің (қарсыластарының) көзқарастарының
тұжырымдарын қалайша теріске шығаруға болады, қалай білдіртпей алдап кетуге
болады т.с.с. қазіргі саяси технологияларда қолданылатын әдістерге үқсас нәрселерді
үйрете бастайды.
Екіншіден, софистер өздерінің сабақтарына ақша алады. Негізінен, билікке
таласатын ақшалы адамдар - аристократтар мен плутократтар (аrіsіоs - ең жақсылар,
ақсүйектер, рluto - байлық, сrаІtos - билік) болғаннан кейін, олардың табыстары да аз
болған жоқ. Ал ол кездегі ерікті адамдар еңбекпен ақша тапқан адамдарға менсінбей,
жоғарыдан қараған. Сондықтан қоғамдық санада софистер жөнінде теріс пікір туып,
оларға «жалған дана» деген ат берілген.
Ал, шынына келгенде, софистер философия саласында үлкен төңкеріс жасап, ой-
өрісін физис, космос мәселелерінен этика, саясаттану, риторика, тіл, дін, тәрбие
мәселелеріне аударды. Олай болса, оларды антикалық философияның гуманистік-