Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет70/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
79 
Анаксимандр алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Судың өзі нақтылы 
заттың түрі ретінде алғашқы негіз бола алмайды. Алғашқы негіз (аrсһе - бастау, грек 
сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр апейрон деген 
ұғыммен береді (ареіrоn - шексіз, бейнақтылы, грек сөзі). 
Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз
сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да анықталмайды. 
Сонымен ішкі және сыртқы жағынан алғанда шексіз апейрон Дүниедегі 
шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл Дүниені қамтып, қоршап, бүкіл 
заттарды тудырып, ауыстырып отырады. 
Бұл шексіз алғашқы негіз жоғарыда айтқандай кұдіретті болғаннан кейін, ол 
Құдайға тең, өйткені ол өлмейді де құрымайды. Егер грек мифологиясындағы 
Құдайлар дүниеге келіп мәңгілік өмір сүрсе, Анаксимандрдың Құдайы - апейрон – 
мәңгілік, шексіз, оның басы да соны да жоқ. 
Анаксимандр - дүниедегі заттардың табиғатының қарама-қарсы жақтарын 
аңғарған ойшыл. Олар жылы мен суьқ, кұрғақ пен дымқылдың күресі. 
Анаксимен (585-525б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір сүрген. 
Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және біреу болғанымен ол 
бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы -ол ауа (аеr - грек сөзі, ауа). Бірақ ауаның 
ерекшелігі - ол көрінбейді, сонымен қатар ол үне бойы қозғалыста, олай болса 
өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе желге, содан кейін бұлтқа
содан кейін жерге, сосын тасқа т.с.с. айналады. 
Грек мифологиясындағы жанды адамның тынысымен теңеуін, Анаксимен өзінің 
философиясында пайдаланады. Ауа адамның жан дүниесін де тудырады. Олай болса, 
Құдайды да тудырған ауа деген пікірге келеді. 
Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында оқшау 
тұрған Гераклит (Үғ-Үб.ғ.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге келген. 
Геракли
тт
ің нақыл сөздерінің м
ә
нін түсіну қиын болғаннан 
кейін, оған «күңгірт» деген ат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет