Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет73/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
82 
арақатынасы математикалық түрде көрсетіле басталды. Жердегі ауа райының өзгеруі, 
маусымдардың келу ерекшеліктері, тіршіліктің даму циклдары – бәрі де 
математикалық заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің космологиясында, олар 
геоцентризмнен (gеоs - грек сөзі, жер; сеntrum -латын сөзі, орталық) бас тартып, 
жердің шарға ұқсастығын, күннің тұтылуы айдың жер мен күннің екі ортасынан 
өтуінде екенін т.с.с. көрсетті. 
Сонымен сан - заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан — 
абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде - сан - ол 
шындықтьң алғашқы негізі, ол заттардың «фюзисі», яғни табиғаты. 
Элея мектебі. Парменид пен Зенон 
Парменид (ҮІ-У б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе, ол өзінің филоеофия 
мектебін құрады. 
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра бағалау өте 
қиын, өйткені ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы рет Болмыс мәселесін
қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен философия ғылымының негізгі
тарауларының бірі онтология дүниеге келеді (оntos — грек сөзі, болмыс, lоgоs — білім). 
Парменидтің ойынша, Дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар, ол: «бар нәрсе 
бар, ал жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол 
Болмыс». 
Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады: 
1. Бар нәрсе бар, болып жатыр; 
2. Жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді; 
3. Олай болса, пайда болу (дүниеде болмағанның пайда бо- 
луы) және құру (бар нәрсенің жоқ болып кетуі) деген жоқ, өмір 
сүрмейді; 
4. Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққа ауысуы) 
жоқ, өмір сүрмейді; 


Нуржігіт Алтынбеков 
83 
5. Бар нәрсенің бәрі - толы; 
6. Барлықтың құрамдас бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті 
мойындауға тура келер еді), ол - біртұтас; 
7. Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген; 
8. Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ. 
Болмыс туған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені болмыс бейболмыстан пайда бола 
алмайды, оның себебі, бейболмыс жок. Болмыстан еш нәрсе пайда болмайды, өйткені 
ол өмір сүріп жатыр. 
Болмыстың уақыты – мәңгілік қазір, өйткені өткен шақ - ол жоқ, ал болашақты 
алатын болсақ - ол да әлі жоқ. Болмыс тұрақты және қозғалыссыз, өйткені 
қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. «Мұндай 
тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім», - дейді Парменид. 
Екінші жалған жол - ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім мен өмірдің бар 
екенін, Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрінің өзгеріп отыратынын, бір нәрсенің 
Дүниеге келіп, екіншінің Дүниеден кетіп жатқанын көрсетеді. 
Бірақ осы күнделікті өмірден алған тәжірибеге қарамастан, Парменид Дүниедегі 
сандық және сапалық өзгерістерді ешқандай мойындамай-ақ қойды. Оның мұндай 
көзқарасының қателігін көрсеткісі келетіндер ой-шенберінде оны жасай алмады, 
өйткені оның негізгі себебі - ой арқылы қозғалысты қамтудың, бейнелеудің орасан зор 
қиындығы. Керісінше, қайсыбір өзгеріс пен қозғалысты ой арқылы теріске шығару - 
анағұрлым жеңілірек. Міне, осы жолға түсіп, Парменидтің тұжырымдарын қолдаған 
ойшыл Зенон болды. 
Зенон Элея топырағында б.ғ.д. VI ғ. аяғында дүниеге келеді. Аңыздар бойынша 
ол өз заманының саяси өміріне атсалысқан ойшыл болса керек. Тиран Неарх оны 
тұтқынға алып, оның билігіне қарсы шыққан адамдарды айт деп қинаған кезде, Зенон 
өз тілін тістеп кесіп, тиранның бетіне түкіріпті-міс деген аңыз тарихта қалған. 
Екінші аңыз, керісінше, тиранның ең жақын достарын соның жаулары ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет