Нуржігіт Алтынбеков 89
келеді.
Атомистердің философиясының тамаша жері: олар алғашқы рет себеп,
қажеттілік деген ұғымдарды философияға еңгізеді. Демокриттің ойынша, әр
нәрсенің өз себебі бар, ол қажеттіктен туады. Сондықтан Дүниеде ешқандай
кездейсоқтық жоқ. Белгілі бір құбылыстың себебі ашылмаған кезде, оны адамдар
кездейсоқ деп атайды.
Адам мен таным мәселелеріне келер болсақ, Демокрит адамның жан дүниесін
мойындайды. Ол дөңгелек, тез қозғалатын, оттың атомдарына ұқсас бөлшектерден
тұрады. Олай болса, адам өлгенде оның жан дүниесі де жойылады, атомдар кеңістікке
тарап кетеді (жан-жаққа). Ал түйсік пен ойлау мәселелеріне келсек, онда жан дүниені
құрайтын атомдардың түйсіктік қасиеттері бар екен. Заттардың үстінде орналасқан
жеңіл атомдар адамның түйсіктеріне жетіп, өзінің әсерін тигізген кезде, біздің жан
дүниемізде неше түрлі сезімдер мен түсініктер пайда болады. Сезімдік және ақыл-
оймен тануда Демокрит сезімдік танымның адамды қателестіруі мүмкін екендігін,
сондықтан оны ақыл-ойға тоқу керектігін айтады.
Атомистика шеңберіндегі әлеуметтік және моральдық мәселелерге келетін болсақ,
демократиялық саяси тәртіп - ең тиімді қоғамды ұйымдастыру түрі. Демократия
бүзылмауы үшін, адамдарды тәрбиелеу керек.
Адам өзінің табиғаты бойынша өмірден ләззат алуға, зардаптан қашуға
тырысады. Бірақ Демокрит ләззатты өлшемді табумен теңестіреді. Адамға ең жақсы
нәрсе - еутемия - жақсы көңіл-күйде болу, ешқандай қорқыныш сезімі, я болмаса аса
құмартудан алшақ болу. Дүниеге салқын сезіммен қарап, даналыққа көтерілу - адамның
ең биік мұраты. § 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. Софистика. Сократ ілімі Натурфилософия өз уақытының шеңберінің шегіне келіп, әрі қарай Дүниені
зерттеуде жаңа идеялар тудыра алмады.
Екінші жағынан, гректердің қала-полистеріндегі саяси өмірдің жандануы, әсіресе