Нуржігіт Алтынбеков 85
Зенон өзінің дәлелдемелерімен Логостың мәртебесін жоғары көтеріп, қозғалыс
пен көптікті әрі қарай оймен зерттеудің, бейнелеудің қажеттігін басқа ойшылдарға
көрсетті.
Элей философиясы өкілдерінің бардың біреу екені ғана және оның
қозғалмайтындығы, туралы тұжырымдары басқа ойшылдарды қанағаттандырмады.
Дүниедегі қозғалыстың бар екені барлық адамдарға аян. Олай болса, ол мүмкін.
Ал қозғалыс болса, онда Парменидтің бірлігіне негізгі соққы тиеді. Бұл пайда болған
жаңа ой-ерісті дамытқан Эмпедокл болды.
Эмпедокл (490-430 б.ғ.д.) жан-жақты дамыған ірі тұлға болған: ол
философиямен қатар өлең жазған, саясатқа араласқан, адамдарды емдеген.
Эмпедоклдың айтуынша, Дүниенің негізінде 4 стихия - от, су, жер мен ауа жатыр.
Оларды бір-бірімен біріктіретін Сүйіспеншілік, ал ажырататын - Жаугершілік. Бірақ Эмпедокл Парменидтің бейболмыс жоқ деген қағидасын ұстайды. Олай
болса, калай Дүниеде қозғалыс болады деген заңды сұрақ туады. Қозғалыс заттардың
қүрамындағы 4 стихияның бір-біреуінің араласқандағы көлемге байланысты болады
екен.
Сонымен 4 стихия Дүниенің алғашқы негіздерін құрайды. Олар мәңгілік және
түрақты, бірақ бір-бірімен қосылып, мәңгілік қозғалыста.
Ал Сүйіспеншілік пен Жаугершілікке келер болсақ, Эмпедоклдың ойынша, олар
рухани күштер емес, олардың табиғи қасиеттері бар. Сүйіспеншіліктің ұзындығы мен
ені бүкіл Дүниеге бірдей тарап кеткен, оның касиеті ылғалдығында. Ал
Жаугершілікке келетін болсақ, ол отқа жақын.
Кейбір уақытта Дүниеде Сүйіспеншілік билеген кезде 4 стихия толығынан бір-
бірімен араласып, шар сияқты болып көрінеді (Сфайрос - шар). Ол кезде
Жаугершілік шардың шетінде.
Ал Жаугершілік шардың ішіне кіре бастағаннан-ақ, әрбір стихия өзінше
жиналып, бір-бірінен бөліне бастайды.
Келесі сатыда бірінші процесс тағы да басталады...