Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет76/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
86 
Дүниеде 4 стихиядан басқа тіршілік - өсімдіктер, жануарлар, адамдар бар. Олар 4 
стихия арқылы қалай пайда болады? Әрине, бұл сұраққа Эмпедокл тұрпайы жауап 
қайтарады. Оның айтуынша, ең алдымен 4 стихияның әртүрлі бір-бірімен 
қосындысынан бөлек-бөлек жануарлардың денелерінің бөлшектері пайда болды. Жер 
бетінде бір жерде қол, екінші жерде аяқ, үшінші жерде көз т.с.с. жатады. 
Екінші сатысында олар бір-бірімен ретсіз қосылып, басы адамға, денесі бұқаға 
ұқсаған т.с.с. құбыжықтардың пайда болуына әкеледі. Бірақ олардың өмір сүруі 
мүмкін емес, сондықтан олар өмірден кетеді. 
Үшінші сатысында пайда болған жануарлардың екі жыныстық қасиеттері бар, 
сондықтан олар өсіп-өне алмайды. Ең соңғы төртіншісі сатысында ғана бір жыныстық 
жануарлар дүниеге келіп, тіршілік әлемі өмір сүре бастайды. 
Эмпедоклдың берген жауабы тұрпайы болғанымен, оның астарында тіршіліктің 
«мақсатқа лайықтылық» табиғаты бар екені жатыр. Ал бұл мәселе діннің Құдайды 
мойындаудағы негізгі дәлелдемелерінің бірі болып, мыңдаған жылдар бойы ғылымда 
әртүрлі дау-дамай тудырды. Тек XX ғ. ғана бұл «мақсатқа лайықтылық» барлық 
тіршіліктің миллиондаған жылдардың ішін-дегі күн мен түннің, жылдың 
маусымдарының т.с.с. ауысуына бейімделуінің арқасында табиғаттағы үрдістерді 
«алдын ала бейнелеудің» негізінде келгені дәлелденді. 
Эмпедокл көптік пен қозғалыс Дүниеде бар екенін көрсеткенімен, бірақ қалайша 
бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі дүниеден кетіп жатыр деген сұраққа қанағаттанарлық 
жауап берген жоқ. 
Сондықтан Анаксагор бұл сұраққа жауап іздейді. 
Анаксагор (500-428 б.ғ.д-) бай және кең танымал ақсүйектер отбасында дүниеге 
келеді. Бірақ ол өсе келе, байлықтан бас тартып, өзінің өмірін толығынан ғылым мен 
өнерге арнайды. Ол кісінің ойынша, Күн - ол Құдай емес, орасан зор жанып жатқан 
от, Ай жер сияқты және онда тіршілік бар, күннің күркіреуі, найзағайдың 
жарқылдауы бұлттардың бір-бірімен соқтығысуында т.с.с. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет