Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет416/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
478 
өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін 
Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, Жетілдіру де - 
мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған 
назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде 
Шығыста интраверттік мәдени бағыт қалыптасты. 
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы
сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін 
мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының 
астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын шаңға 
айналып, ғайып болады. Яғни болмыс бейболмысқа ауысып жатады. Мұны байқаған 
біздің бабаларымыз Дүниені «жалған» деп түсінген. Үнді ойшылдары да бұл Дүниені 
«Ұлы сағым - Мая» деп атаған. Ал ұлы Гегельге келер болсақ, ол болмысты «жоғала 
бастаған болмыс», «Дүние дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» деп түсінді. 
Оқырманның байқағанындай, болмыс категориясын жете түсінудегі негізгі 
қиындық, бір жағынан, Дүниенің ағымдығы, екінші жағынан, ол қанша өзгеріске 
түссе де - өмір сүріп қала беруі. Бұл ахуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді: 
ол әрқашанда ағыста болғанымен - таусылмайды, өмір сүріп қала береді. 
Болмыс ұғымы - мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған үғым - 
бейболмыс, яғни ештеңе, жоқтық. 
Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін, мазмұн жағынан 
алгғнда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан 
бастап оған әртүрлі мағына беріліп, Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен 
дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты 
тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат 
өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек. 
Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы даосизм ағымында 
болмыс «дао» ұғымы аркылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы 
да көп мағыналы: бір жағынан, ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет