Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет507/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
569 
басымырақ екенін айтқан жөн. 
Енді «материя» мен «рух» жөніндегі қазіргі ғылымдағы тұжырымдарға тоқталған 
жөн сияқты. 
а) материалдық болмыс 
Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйенсек, материалдық Дүние осыдан 20 млрд. 
жыл бұрын болған «¥лы Жарылыстың» нәтижесінде пайда болды. Оған дейін материя 
өзінің сингулярлык, яғни бірнүктелік орасан зор қысымдық жағдайында болған (нүкте 
көлемі - атомдай - 10 - минус 8 дәрежедегі см. болса, қысымдығы 10-94 дәрежедегі 
г./см!!!). Мұндай жағдайда өмір сүрген материяның ішінде қандай үрдістердің 
болғаны жөнінде ешкім ешқандай болжам айта алмайды. 
«¥лы Жарылыстың» нәтижесінде, негізінен, материяның құрылымының үш 
деңгейі пайда болды: 
1. Макроәлем, ондағы заттардың көлемі адамзат тәжірибесімен салыстырмалы; 
кеңістік - мм., см., км., ал уақыт - сек., мин., сағ., жыл ұзақтығымен беріледі; 
Микроәлем - көзге көрінбейтін ұсак бөлшектерден тұрады. Олардың көлемі 10 
минус 8-шіден 10 минус 16 дережедегі см. болса, өмір сүру ұзақтығы 10 минус 24 
дәрежедегі сек. дейін. 
Мегаәлем - орасан зор Ғарыштағы объектілер. Олардың бір-бірінен қашықтығы 
сәуле жылымен есептелсе, өмір сүру уақыты миллиардтаған жылдарға созылады. 
Әрбір әлемнің шеңберінде өз өмір сүру заңдылықтары бар. Сонымен қатар олар 
бір-бірімен өте тығыз байланыста екенін айтып кеткен жөн. 
Бүгінгі таңда ашылған материяның екі түрін келтіруге болады. Оның бірі - 
табиғаттың заты болса, екіншісі - физикалык өрістер. Олардың бір-бірінен 
айырмашылығы:зат бөлшектерден - атомдардан тұрады, ал өріс бөлінбейді; заттың 
бөлшектерінің тұрақты салмағы (массасы) бар, өрісте жоқ; 
заттың өткізбейтін, я болмаса аз өткізетін қасиеті бар, өріс өткізгіштігімен 


Нуржігіт Алтынбеков 
570 
танылады; өрістің тарауы сәуленің жылдамдығына тең болса, заттың жылдамдығы 
бірнеше дәрежеде одан төмен. 
Егер бізді айнала қоршаған макроәлемді мыңдаған жылдар бойы адамзат 
зерттеп келсе, микроәлем мен мегаәлем соңғы ғасырларда ғана танылуда. Бүгінгі 
таңда микроәлемнің құрамында 300-ге жуық элементарлық бөлшектер ашылып, 
олардың қасиеттері зерттелуде. 
Соңғы жылдары мегаәлемді зерттеуде де қомақты нәтижелер бар. Олардың бірі 
Ғарыштың өне бойы кеңеюдегі үрдісі болса, екіншісі реликтік (relic - лат., қалдык) 
радиотолқындардың таралуы болды. Осы екі жаңалыктың негізінде «¥лы Жарылыс» 
теориясы жасалған болатын - оны бүгінгі таңдағы ғалымдардың көпшілігі мойындады. 
Ғарышты зерттеудегі келесі жаңалық - «қара нүктелер», ғалымдардың 
пайымдауынша, олар сөнгеннен кейін коллапсқа (collapse - ағылш. сөзі, - құлдырау) 
ұшыраған алып жұлдыздар. Біздің галактикадағы «Магеллан тұмандығындағы» 
жакында ашылған «үлкен жарылыс» - жаңа жұлдыздардың Дүниеге келуінің айғағы. 
Сонымен, бір жағынан, жұлдыздар уақыты келгенде сөніп, коллапсқа ұшырап «қара 
тесікке» айналып жатса, екінші жағынан, жарылыстың негізінде жаңа жұлдыздар 
Дүниеге келіп жатыр. 
Қорыта келе, материалдық Дүние өне бойы өзгерісте, қозғалыс пен даму 
үрдісінде екенін қазіргі жаратылыстану ғылымдары көрсетіп отыр. Біздің білетініміз 
өте аз. Ғылым әрі қарай дамыған сайын, әлі талай-талай ғажап жаңалықтар ашылатыны 
сөзсіз. 
б) сана болмысы 
Болмыстың екінші таңғажайып түрі - ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның 
психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана - Дүниені 
бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ 
«танымға» арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз. 
Сана - материя емес, оны колға ұстап сындырып, я болмаса ауызға салып дәмін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет