Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет513/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
576 
туған баласын қолдарына алып, әлди-әлди өлеңдерін айтып, адами жолмен тәрбиелеп 
өсірді. Бірақ ол сөз ұғу дәрежесіне көтерілмеді. Сонымен қатар ол 240-қа жуык «ымдау 
тілімен» (язык жестов) айтылған мән-мағынаны түсінетін дәрежеге көтерілді. 
Қаншалықты тәрбиелесе де, жалпы алғанда, ол адами өмірге жат болып шықты. 
Бұл айтылған деректердің бәрі де сананың әлеуметтік адами құбылыс, ал мидың 
өзі ойлау кұралы екенін көрсетеді. 
е) сана жэне тіл 
Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету - өте киын шаруа. Егер ми сананың 
физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде 
түсінуге болады. Айтылған сөз - дыбыс толқындары - материалдық құбылыс екені 
ешкімнің дауын тудырмайтын жайт. Тіл дегеніміз - ойды, адами қатынастарды 
қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл - ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның 
арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. 
Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті 
мүмкін емес. Тіл мен сана - күміс ақшаның оңы мен астары сияқты, бір-бірінсіз өмір 
сүре алмайды. 
Тарихи қоғамның Дүниеге келуі - тіл мен сананың да пайда болуымен тең. Тілдің 
Дүниеге келуінің биологиялық алғышарттары ретінде жоғарғы жануарлардың неше 
түрлі дене қозғалыстары мен дыбыс сигналдарын айтуға болады. Алғашқы тобырда 
бірігіп, аң аулау барысында ең алдымен «ымдасу тілі», дене қозғалыстары арқылы 
адамдар әр түрлі хабарларды бір-біріне жеткізеді, сонымен қатар неше түрлі сезім 
толқындары (қуаныш, я болмаса қайғы, ауыру т.с.с.) олардың аузынан неше түрлі 
дыбыстарды шығарады. Соңында, еңбек құралдарын жасауға көшкен кезде, ой мен 
тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды. 
Әр халық өзінің дүниеге келуі мен даму барысында өзіне тән тілін 
қалыптастырады. Мыңдаған жылдар бойы жасалған өмір тәжірибелері қорытылып, тіл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет