Нуржігіт Алтынбеков 577
халықтың рухани байлығына айналады. Бүгінгі таңда жер бетінде 2000-ға жуық
ұлттық тілдер бар, бірақ адамзат ой өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында
түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі - ой аркылы Дүниенің зандылыктарының
бейнеленуі. Адамзатты айнала коршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да
- бір.
Бүгінгі таңдағы дамыған адамзат неше түрлі тілдің жүйелерін жасады. Әрбір
ғылымның өзінің категориялық аппараты бар. Ғылыми ұғымдар бір-бірімен өте
тығыз байланыста болып, сол заттың жүйесін құрайды. Мысалы, биология ғылымын
«тұқым
қуушылық»,
«өзгерушілік
пен
тұрақтылық»,
«ассимиляция
мен
диссимиляция», «табиғи таңдау» т.с.с. категорияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Философия пәнін кұрайтын жүздеген категориялардың ішінен «материя», «сана»,
«кеңістік пен уақыт», «қозғалыс», «даму», « терістеу» т.с.с. атап өтуге болар еді.
Жолдағы қозғалысты ретке келтіретін ережелерді алсақ, оның тілі — өзгеше т.с.с.
Бірақ, қалай дегенде де, барлық ғылым, өнер мен өндірістегі жасанды тілдер тек
халыктық тілдің негізінде ғана өмір сүре алады. Егер ұлттық тілді көркемдеп, үлкен
ағаштың діңі ретінде көрсетсек, онда басқа жасанды тілдер оның бұтақтарын
қүрайды. Ал бұтақтарда өсіп түрған жапырақтар сол саланы қүрайтын үғымдар болып
табылады.
Өз тәуелсіздігін алған Қазак елінде казіргі уақытта ана тілімізді дамытуға көп көңіл
бөлінуде. Соның бір кішкентай айғағы ретінде осы оқулыкты алсақ та болғаны. Ана
тілі - зор рухани байлық. М.Хайдеггер айтқандай, «тіл - болмыстың үйі». Ал оның
әріптесі Г.Гадамерге келер болсақ, ол: «Тіл дегеніміз алдын ала түсіндірілген
Дүние», - деген терең ой тастаған екен. Олай болса, тек ана тілін терең меңгеру арқылы
ғана адам өз ұлтына тән дүниесезім мен қабылдау, көзқарасты өз бойында
қалыптастыра алады.
Өзіміздің ұлы бабамыз А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Тілдің ғұмыры ұзақ.
Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады». Осы мьщдаған
жылдар шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылыкпен