Нуржігіт Алтынбеков 594
§4. Танымдағы ақиқат мәсслесі Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе - дүниетану жолындағы ашылған
білімнін ақикаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар.
Біріншісі -- адамның биологиялык табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми
ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оны
мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп пайдалану тәсілдерімен байланысты.
Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен
ерекшеліктерің анықтау болмак. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығьіз
байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам,
я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы касиеттеріне
сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.
Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде
жоқ. Ол - адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан
субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен
құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда,
ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардын адамның санасында сәйкес
бейнеленуін айтамыз.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде
адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешкашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс.
Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті,
прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.
Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік
қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып
тұрғаны - объективтік ақикат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз,
ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.
Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді
айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік