Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет661/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   657   658   659   660   661   662   663   664   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
729 
болмағанмен, жан-дүниесінің мәңгі өмір сүретініне деген үміттеніп өмірмен 
қоштасады. 
Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззат 
алудан басқа еш нәрсе жоқ деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ оқтын-оқтын 
мешітке барып (кім біледі, мүмкін Алла тағала бар шығар деген ой кейбір кезде 
оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, дұға оқытады. Бірақ бәрібір ол болашақ 
өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, жаны түршігеді. 
Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз 
өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі 
бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің 
соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім 
үрейлендіре алмайды. 
Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып, өмірдің шаттығын 
да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында 
бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен 
келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған 
армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол - нағыз 
адам. Ондай адам көп жұрттың есінде мәңгілік қалады. 
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде «ауто-назия» (ауто - өзім, 
назия - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне 
жақындатып «эвтаназия» дейді. Әнгіме адамның өз еркімен коғамның көмегі арқылы 
бұл дүниеден кетуі. Яғни оның «суицидтен» өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы - ол 
қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-
сезімдік ләззат алу өмірбағытын ұстаған Батыс адамы өмірінін соңында да еш 
зардап шекпей, бұл өмірден тәтті ұйқыға шомып кете барғысы келеді. Енді бұл 
мәселені біз де талдап көрелік. 
Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму 
жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   657   658   659   660   661   662   663   664   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет