Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет659/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
727 
жағдай болмағанның өзінде әр адам өз өмірінін аяғында «қайғылы үштік-тең» (зардап, 
күнә, өлім) өтеді. «Осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің мән-мағынасын 
жоғалтып алмауы керек», - дейді В.Франкл. Ол «ой-толғау құндылыктарына» көшу 
керек, сонда зардап шегудің өзінен жан-дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға 
берілетін мән-мағынаны табуы мүмкін. 
Осы араға келгенде біз үлкен экзистенциалдык мәселеге -өлім мен өлместікке 
келіп тірелдік. 
§ 5. Адамның өлімі мен өлместігі 
Өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі. Бұл Дүниеге келгеннен 
кейін уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес, қолымызда тұрған жоқ, ол 
табиғи заңдылық. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған өмір тәжірибесі бірде-бір 
өлген адамның тіріліп, өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ. 
Әсіресе жақын адамдардың бұл дүниеден кетуі біздін жан-дүниемізде ауыр 
жаралар қалдырады. Енді біз оларды ешқашанда көре алмай, іштегі сырымызды айтып, 
бірге қуанып, сонымен бірге қайғы-қасіретімізді бөлісе алмаймыз. Бәрі де өткен 
шақтың қойнауына кетті. Сол сәтте біз өзімізді де сондай тағдыр күтіп тұрғанын 
үрейлене аңғарамыз. 
Сонымен қатар біз ақыл-ой таразысына «мәңгілік өмір сүру» мәселесін салсақ, онда 
оны адамға берілген ең ауыр жаза екенін байқауға болар еді. Өйткені егер адам шексіз 
өмір сүре берсе, онда оның еш мән-мағынасы болмай қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой 
өрісі бүгінгі күннің ашынған өзекті мәселелеріне немқұрайды қарауды тудырып
қоғам өмірі мелшиіп, бір орнында тұрып қалар еді. 
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағынасы болуының өзі оның өліммен 
бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн 
мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Өйткені өмірді 
ешқандай байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ оның бір ғана өлшемі бар, ол - «Ұлы 
мәртебелі Табиғаттың» (я болмаса, егер адам сенімде болса -Құдайдың) әр адамға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   655   656   657   658   659   660   661   662   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет