Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет667/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
736 
Жер бетіндегі мемлекеттердің бір-бірімен жақындасуына, олардың арасында пайда 
болатын қайшылықтарды шешуге екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған 
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның әртүрлі салаларды бақылауға арналған 
мекемелері (ЮНЕСКО, ЮНКТАД т.с.с.) үлкен ықпал жасауда. Бүгінгі таңда жүздеген 
аймақтық ұйымдар жұмыс істеуде (Еуропа Одағы, ТМД, АСЕАН, ОАЕ т.с.с.). 
Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық 
ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірде-бір алыс-
жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға 
дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар, я 
болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз еліңде ғана емес, бүкіл жер бетінде 
қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, 
өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне 
қараймыз да, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат - «Ғарыш кеңістігінде Жер 
деген «кемемен» ұшып бара жатқан біртұтас астронавтар командасы», - дер едік. 
Келесі назар аударатын нәрсе жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты «бір 
қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да компьютерлік есептеуден 
өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіз өндірген 
тауарды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан миллиондаған адамдардың 
киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын 
орындарында, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке деген 
ұмтылысты байқаймыз. 
Сонымен қатар бүгінгі адамзат әртүрлі мата қиықтарынан жасалған кәдімгі 
қазақтың көрпесіне де ұқсас. Өйткені әр елдің, халықтың мыңдаған жылдар бойы 
жинаған мәдениет үлгілері, тілі, ділі, әдет-ғұрпы бар. Ол оған аса қымбат. Біз оның 
тіпті бағасы жоқ дер едік, өйткені өз төл мәдениетінен айырылған халық тарих 
сахнасынан жоғалып кетеді. Ал ондай жағдайдың болуы адамзаттың өшпес 
күнәсі болар еді. Әр халық басқа елдерге ең алдымен өз мәдениеті, өмір салтымен 
қызықты. Бүгінгі таңдағы адамзатты шыны мен бетоннан жасаған биік ғимараттармен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет