Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»


АСФАЛЬТ АРАЛАСТЫРҒЫШ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР



бет81/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
көтеріп тасымалдау маш

АСФАЛЬТ АРАЛАСТЫРҒЫШ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР


Асфальтбетонды қоспаларды дайындау үшін асфальт араластырғыш құрал-жабдықтарды пайдаланады (7.1 сурет). Аталған құрал-жабдық қоспаны даярлаудың бір немесе бірнеше технологиялық циклін жүзеге асыратын жекелеген автоматтандырылған агрегаттардан тұрады.
Асфальтбетонды қоспаларды даярлау технологиясы мынандай: битумды қыздыру, қиыршық тасты жəне құмды кептіру, қызған қиыршық тастарды жəне құмды түйіршіктерінің көлемі бойынша фракцияларға сұрыптау, битумды, қиыршық тастар фракциясын, құмды жəне минералды ұнтақтарды мөлшерлеу, барлық құрамдас бөліктерді араластыру, сақтау жəне дайын қоспаны жіберу. Суландырылған битумды қолданған жағдайда бұл тізілімге қыздыру алдында оны сорғыту қосылады.
236

.



    1. сурет. Асфальтбетонды қоспаны дайындауға арналған жылжымалы қондырғы жиынтығының қҧрамы:

1 - битумсақтағыш; 2 – басқару кабинасы; 3 –мӛлшерлеуіш жəне араластырғыш агрегаттар; 4 - сҧрыптаушы агрегат; 5 – ыстық материалдардың конвейері; 6 – ауаны тазартқыш қондырғы; 7 - кептіргіш агрегат; 8 – қорек алу агрегаты
Асфальт араластырғыш қондырғылар былай бөлінеді: араластырғыш агрегатының типі бойынша – мерзімді жəне үздіксіз қызмет көрсететін қондырғылар; құрастыру бойынша – партерлік жəне мұнаралы қондырғылар; қозғалыс дəрежесі бойынша – жылжымалы жəне тұрақты қондырғылар.
Мерзімді жəне үздіксіз қызмет көрсететін асфальт араластырғыш қондырғылар құралымен жəне мөлшерлегіш жəне араластырғыш агрегаттардың жұмыс жасау ырғағымен ерекшеленеді. Битумды сақтау жəне қыздыру агрегаттары, тас материалдарын сақтау, қыздыру жəне кептіру агрегаттары жəне олардың қызмет көрсету механизмі қондырғылардың екі типінде де бірдей жəне үздіксіз режимде жұмыс жасайды.
Партерлік типтегі асфальт араластырғыш қондырғыларда барлық агрегаттардың типі жəне қосымша механизмдер жердің деңгейінде орналасады. Бұл орайда қоспаның құрауыштары технологиялық циклден өтіп, бір агрегаттан екінші агрегатқа бірнеше рет көтеріледі. Осылай ол орын ауыстыруға энергия жұмсауды талап етеді, ал қыздырылған материалдар қоспаның дайындалу жағдайын нашарлата отырып, суып қалады.
Дегенмен партерлік құрастыру аз уақыттың ішінде күрделі тұғыр құралдарынсыз қуаты азырақ жүк көтергіш құралдарының агрегаттарын орнатуға мүмкіндік к береді.
Мұнаралы қондырғыларда сұрыптаушы, мөлшерлегіш жəне араластырғыш агрегаттар бірінің үстіне бірі 3- немесе 4-этажды жабында орналасады, сол арқылы өз атауларын алған. Қоспаның құрамдас бөліктері мұнараның биігіне сұрыптаушы агрегаттарға шығып, сол жерден өздері ағып, төмен қозғалады, осылайша олар энергия шығынын қажет етпейді.
Мұнаралы типтегі асфальт араластырғыш қондырғылар салыстырмалы түрде аздаған аумақты алады, дегенмен қызмет көрсетуде жəне жөндеу жұмыстарын жүрпгізуде қиындық тудырады. Монтаждауда, демонтаждауда жəне агрегаттарды ауыстыруда үлкен жүк көтеретін биік механизмдерді қолдануды талап етеді. Әдетте, үздіксіз қызмет көрсету қондырғылары партерлік сызбамен, ал мерзімділер мұнаралы сызбамен құрастырылады.
Тұрақты асфальт араластырғыш қондырғылар үнемі жұмыс істейтін немесе қайтадан сирек орнығатын асфальтбетон зауыттарына арналған. Бұл зауыттар асфальтбетонға деген тұрақты сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Тұрақты қондырғылар агрегаттары жалпы қолданысқа арналған тіркемелермен тасымалданады жəне қарапайым тартылатын жəне инвентарлық жүк көтергіш құралдардың көмегімен іргетаста жөнделеді.
Жылжымалы асфальт араластырғыш қондырғылар (7.2 сурет) орналасу орнын бірнеше мəрте ауыстыруға арналған. Сондықтан олардың агрегаттары тіркемелі жəне жартылай тіркемелі доңғалақты шассиде жөнделеді. Бұл шассилер қондырғыны жұмыс жағдайына жылдам айналдыруға жəне қайта көліктікке келтіруге машықтанған əрі осыған қажетті жүк көтергіш жəне монтаждау құралдармен жабдықталған.


238


    1. сурет. Көліктік күйдегі жылжымалы асфальтбетонды зауыттың агрегаттары:

а– кептіргіш барабан; 6 сұрыптаушы, мөлшерлеушіжəнеараластырғышагрегаттарыбарыстықматериалдарконвейері; в– жеңдіксүзгіші барауатазартқыш
агрегат; г– қыздырғышжүйесібарбитумсақтағыш; д- дизель-электрлік генератор; е– басқарукабинасы‘ ж– қуат алу агрегаты
Мерзімді қызметтегі асфальт араластырғыш қондырғының сағаттық жұмыс өнімділігін (Пп.д.) мына формула бойынша анықтауға болады:


мұнда 2зам – бір илемнің массасы; kB- ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; ; tзаг – қоспалауыштың қоспа құрамымен жүктелу уақыты; ?пер – араластырылу уақыты (^ер = 0,0083 ... 0,0208 ч); t№ir- дайын қоспаны түсіру уақыты.
Асфальт араластырғыш қондырғының үздіксіз қызмет етуінің сағаттық жұмыс өнімділігін (Пн.д.) мына формула бойынша есептеуге болады:




мұнда 2см – араластырғышқа сиятын қоспа массасы; k- ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; ^ер – орын ауыстыру ұзақтығы (t"p= 0,025... 0,05 сағ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет