тарау. ЦЕМЕНТБЕТОНДЫ ЖӘНЕ АСФАЛЬТБЕТОНДЫ ҚОСПАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
АСФАЛЬТОБЕТОНДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕОЛАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Асфальтбетон ең алдымен қатты жамылғылы көлік жолдарының, жаяу жүргіншілер аймағының, ұшып-қону жолағының жəне аэродромдардың жермен жүру жолдарының құрылысында қолданылады. Асфальтобетон – бұл битумның гомогендік қоспасынан, ұсақталған тастың бірнеше фракциясынан, құмнанжəнеминералды ұнтақтан тұратынаморфтыматериал.
Қатты беттердің құрылысына пайдалану үшін асфальтбетонға белгілі бір қасиеттерді беруде əр құрауыштың рөлі ерекше.
Битум (табиғи немесе түрлендірілген) органикалық тұтқыр ретінде қоспаның қатты құрауыштарын өзара жабыстырады жəне олардың қозғалуының алдын алады. Оны мұнайды айыру барысында химиялық синтезбен немесе асфальттың табиғи кенінен жəне шайырлы тау жыныстарынан алады.
Әртүрлі мөлшердегі ұсақ тастарды жəне құмды пайдалану асфальтбетон бойындағы бос орындардың көлемін азайтады, сонымен қатар оның механикалық қаттылығын арттырады.
Минералды ұнтақ битумның тұрақсыздығын жəне оның шығынын азайтады. Ұнтақты əктастарды, доломиттерді, домна қожын, сонымен қатар шайырлы əктастарды тарту арқылы алады. Ұнтақтың тартылу жұқалығы 0,071 мм-ге дейін жетеді. Кей жағдайларда минералды ұнтақтар ретінде цемент зауыттарының шаңы, күл секілді өндірістің ұнтақтəрізді қалдықтарын қолданады.
Тас бөліктерінің мөлшеріне орай қоспаларды ірітүйіршікті, яғни түйіршігінің көлемі 40 мм болатын, орташатүйіршікті – 25 мм-ге дейінгі көлемдегі, ұсақтүйіршікті - 15 мм-ге дейінгі жəне құмды
- 5 мм-ге дейінгі көлемдегі деп бөледі.
Барынша берік, тозуға төзімді жəне қымбат қоспа болып шақпатасты қоспалар табылады. Оларды қозғалыс жиілігі жоғары көлік жолдарының қатты беттері жəне аэродромдардың жермен жүру жолдарының құрылысында пайдаланады.
Қиыршық тасты қоспалардан жасалған төсемдердің төзімділігі жəне бекемділігі төменірек. Өйткені қиыршық тастың тегіс жабыны оның бөліктерінің асфальтбетонда сақталуын қамтамасыз ететін жабысу күшін азайтады.Бəрінен арзан жəне бекемдігі төмен қоспа ретінде табиғи құмнан жасалған құмды қоспалар танылған. Олар қозғалыс жиілігі төмен жолдардың, жаяу жүргінші жолдарының жəне де өзгеде аз немесе сирек салмақ түсетін көлік жолдарының құрылысында пайдаланылады.
Қозғалыс жиілігі жоғары көлік жолдарына арналған қатты жабын үш қабаттан тұрады: қалыңдығы 5-7 см болатын жоғарғы қабат немесе тозу қабаты, қалыңдығы 5-10 см болатын орташа қабат немесе биндер қабаты жəне 5-30 см негізгі қабат. Қабаттардың қалыңдығы жол құрылысы жобасы бойынша қолданылатын қоспаның жəне жүктеменің типіне байланысты. Кей жағдайларда асфальтбетонның үстін битумды эмульсиялармен жабады, ол оның тозуын ақырындатып, суөткізбеу мүмкіндік гін жоғарылатады.
Асфальтбетонды қоспа дайындалатын температураға байланысты оның ыстық, жылы жəне суық түрлері ажыратылады. Жаңа дайындалған ыстық қоспаның температурасы 140... 160oC, жылы қоспанікі - 110... 130oC, суық қоспанікі – 90... 1100oC болады. Ыстық қоспаны төсеу температурасы 1200Q-ден төмен емес, жылы қоспанікі - 60 oC-тен төмен емес, суық қоспанікі - 10 oC-тен төмен емес болуы керек. Асфальтбетонның тығыздығы 1600-2000 кг/м3 аралығында ауытқып тұрады.
Қазіргі уақытта шұңқыр жөндеу жұмыстарын жүргізуде сұйық асфальтбетонды қоспаларды (немесе құйма асфальт) қолданыс табуда. Ол қоспа битумның ерекше сұрыптары негізінде дайындалады. Олар төселген соң тегістеуді жəне қалыңдатуды қажет етпейді, ескі төселген жабынды дəл қиыстыруға мүмкіндік к береді, тез кебеді, сол арқылы аз уақыттың ішінде жол қозғалысын жалғастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |