Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) және жедел есте сақтау



Pdf көрінісі
бет115/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) және жедел есте сақтау 
құрылғысы (ЖЕСҚ), микропроцессорға қатысты сыртқы болып 
табылатын, микропроцессорлық жүйенің негізгі жадын құрайды. Айта 
кетейік, бұған қоса микропроцессордың ішкі жады болады. ТЕСҚ мен 
ЖЕСҚ орындалатын бағдарламалар мен деректер сақталынады. Жадыны 
жекелеген жолдардан тұратын ұзын парақ ретінде елестетуге болады. 
Мұндай жолдардың әрқайсысы жады ұяшығы деп аталады және өз 
кезегінде разрядтарға бөлінеді. Кез-келген разрядтың құрамында не 0, 
немесе 1 болуы мүмкін. Жадының кез-келген ұяшығына нөлдер мен 
бірліктердің тізбегі 
— сөз жазылады. Сөз — белгілі бір ұзындықтағы 
нөлдер мен бірліктердің аяқталған тізбегі.
 
Машина сөзі 
— микропроцессор бір қадам ішінде оқи және өңдей 
алатын нөлдер мен бірліктер тізбегі. Жадының барлық ұяшықтары 
нөмірленген. Ұяшықтың нөмірін оның мекенжайы деп атайды. Әрбір 
ұяшықта мекенжайдың болуы, ұяшықтарды бір-бірлерінен ажыратуға, оған 
жаңа ақпаратты жазу немесе онда сақталып тұрған ақпаратты алу үшін кез-
келген ұяшыққа жүгінуге мүмкіндік береді. 
ТЕСҚ мен ЖЕСҚ бір-
бірлерінен немен ерекшеленетінін қарастырайық.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM
— 
Read Only Memory)
— бұл 
микропроцессорлық жүйенің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін 
бағдарлама сақталынатын микросызбаның жады болып табылады. 


Бағдарламаны жүйені дайындаушы алдын-ала жасайды және ТЕСҚ 
орналастырады. 
Мұндай 
жағдайларда, 
бағдарлама 
есте 
сақтау 
құрылғысында мықты «қорғалған» деп айтады. Егер, ТЕСҚ ақпарат 
жоғалған болса, жүйе жұмысқа қабілетсіз болады. Мысалы, ТЕСҚ 
мазмұнын өшіретін және жүйені істен шығаратын компьютер вирустары 
болады. ТЕСҚ алғашқы модельдері қайтадан бағдарламалауға рұқсат 
бермеген. Егер, олардағы ақпарат жоғалса, онда жүйені қалпына келтіру 
үшін ТЕСҚ ауыстыру қажет болған. 
ТЕСҚ ауыстыру — тек білікті маман ғана орындай алатын, жеткілікті 
күрделі операция. 
Қазіргі таңда микропроцессорлық жүйенің сенімділігін және жөндеуге 
жарамдылықтарын арттыратын, бағдарламаланатын (ТЕСҚ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет