Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет117/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159
Енгізу-шығару порттары
— бұл перифериялық құрылғылармен 
деректер алмасу функциясын орындайтын микросызбалар
Енгізу порт 
— 
бұл мысалы, пернетақтадағы клавишаны басқанда пайда болатын 
сигналдар, әртүрлі тетіктер іске қосылғанда пайда болатын сигналдар және 
т.б тәрізді микропроцессорлық құрылғыны басқаруға арналған, электр 
сигналдары сырттан келіп түсетін электронды құрылғы. Процессор оларды 
сандар түрінде санайды және алынған сандарды басқару алгоритміне 
сәйкес өңдейді. Шығару порты кері функция атқарады. Оларда процессор 
сосын сыртқы құрылғыларға электр сигналдары түрінде түсетін әртүрлі 
сандарды жазады. Бұл сигналдар енгізу-шығару порттарын басқару үшін 
пайдаланылады. Осылайша, енгізу-шығару порттары, микропроцессорлық 
жүйенің перифериялық құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін 
түйіндесу құрылғысы болып табылады. Түйіндес құрылғылары 
құрылғылар интерфейсі немесе жай жүйе интерфейсі деп аталады. 
Сонымен, аппараттық және бағдарламалық құралдардан тұратын және 
микропроцессорлық 
жүйелерді 
өзара 
немесе 
перифериялық 
құрылғылармен жалғауға мүмкіндік беретін түйіндесу құрылғысы, 
жүйенің интерфейсі деп аталадыТүйіндесу құрылғысы құрамына кіретін 
бағдарламалық құралдар хаттама деп аталады. Хаттама деректер алмасу 
барысындағы модульдердің өзара әрекеттері рәсімдерін сипаттайды: 
мысалы, электр сигналдарының жиілігі, қалпы, ұзақтығы, құрылымы және 
т.б. Көптеген микропроцессорлық жүйелер үшін микропроцессордың 
ішіндегі өңдеудің салыстырмалы жоғары жылдамдығы мен интерфейс 
арқылы модульдер арасындағы деректер алмасудың төменгі жылдамдығы 
арасындағы сәйкессіздіктер тән. Соңғысының сипаттамасы айтарлықтай 
деңгейде, жүйенің жалпы тиімділігі мен өнімділігін анықтайды. 
Енгізу құрылғысы жүйеге деректер мен командаларды енгізуді жүзеге 
асырады. Енгізу құрылғыларына пернетақта, тінтуір, трекбол, дигитайзер, 
джойстик, сканер және т.б. жатады. 
Шығару құрылғысы деректерді әртүрлі ақпарат тасымалдағыштарға 
түрлендіру мен шығаруды жүзеге асырады. Шығару құрылғыларына 
принтер, плоттер, көп функциялы құрылғы (КФҚ), дисплейлер және т.б. 
жатады. 
Шина
деп белгілі бір функцияларды (әрбір берілетін бит үшін бір 
сызықтан) орындау үшін пайдаланылатын беру сызықтары тобы аталады 
(өткізгіштер). Микропроцессорлық жүйе құрылымының ерекшелігі, оның 
құрамына кіретін модульдар арасындағы байланыстарды магистралды 
ұйымдастыруда болып табылады. Ол үш шинаның көмегімен жүзеге 
асырылады: деректер шиналары (ДШ), басқару шиналары (БШ) және 
мекенжай шиналары (МШ). Олар бойынша жүйенің жұмыс істеуі үшін 
қажетті барлық ақпарат пен сигналдар беріледі. Бұл шиналар 
микропроцессорды сыртқы жадымен (ТЕСҚ, ЖЕСҚ) және енгізу-шығару 
интерфейстерімен жалғастырады, оның нәтижесіндемикропроцессор мен 


басқа да жүйе модульдары арасында деректер алмасу, сонымен қатар 
басқару 
сигналдарын 
беру 
мүмкіндігі 
туындайды. 
Заманауи 
компьютерлерде шиналардың разрядтылығы 32 (32 bit) немесе 64 битті (64 
bit) құрайды. Бірақ, бірқатар мамандандырылған құрылғыларда басқа 
разрядты шиналарды кездестіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет